Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шортандыдағы ірі жоба - АРҚА АЖАРЫ

Шортандыдағы ірі жоба

Елімізде қиыршық тас үлкен сұранысқа ие. Бұл қажеттілік жол-құрылыс және өндірістік-азаматтық құрылыс салаларының дамуымен артып отыр.

Жуырда Шортанды селосының маңындағы құрылыс тасы алынатын «Дамса-2» геологиялық барлау учаскесінің кен орнында жару жұмыстары жүргізілді. «Есіл-Стоун» серіктестігінде жұмыс істейтін өскемендік бригада осы жерден алғашқы 16 мың текше метр қиыршық тас дайындады. Учаске басшысы Николай Артемьев бізбен әңгімесінде пайдалы қазбалар барланғаннан кейін 49 жылға келісім-шарт жасалғанын айтты.
–Ұсақталған тау тастарына негізделген қиыршық тас өндіру технологиясы қарапайым, – дейді ол. Қазіргі заманғы құрылыс материалдарын дайындау үшін жоғары сапалы қиыршық тас қажет. Сондықтан, бұл өндіріс мәселесімен ұсақтау зауытын ашуды көздеген компания айналысады. Қиыршық тас мемлекеттік стандарт бойынша инерттік материалдардың сапалы тобына жатады. Ол жол құрылысына пайдаланылады. Қиыршық тас сапа талабы бойынша тек бірінші топта пайданылады. Сөйтіп, жол жамылғысы көп жылдар бойы тозбайды. Қиыршық тас гидроэлектрстанция мен көпір, көп қабатты үй мен өзге де ғимарат сияқты азаматтық-өндірістік құрылыс саласында қолданылады. Құрылыс бетоны қиыршық тассыз дайындалмайды. Өйткені, ол бетон құрамын нығайтады.
Шортанды тасының сапасы жақсы. Солтүстік өңірдің аязына шыдамды.  «Есіл-Стоун» серіктестігі қомақты қаржы жұмсап, табиғат байлығын тиімді пайдаланатын арнайы қондырғылар сатып алды. Бұл ұсақтау-іріктеу кешенінің қондырғылары Түркия мен Швецияда жасалған. Зауыт сағатына 200-250 тонна қиыршық тас өндіреді. 0-5, 5-20,
20-40 және 40-70 миллиметрлік қиыршық тас көлемі тапсырыс берушінің өтінімі бойынша орындалады. Кәсіпорын жарты айдың ішінде толық қуатына шықпақшы. Қазір түрік инженерлері қарқынды жұмыс істеуде. Қиыршық тас 52 гектар жерде өндіріледі. Бұл Шортанды ауданындағы ең үлкен кәсіпорын. Қиыршық тастың негізгі тұтынушылары жол құрылысшылары мен әртүрлі темірбетондары тәрізді құрылыс материалдарын өндіретін зауыттар.
Николай Артемьев бізбен әңгімесінде кәсіпорын «ЭКСПО-2017» қажеттілігіне жұмыс істейтін зауыттар үшін қиыршық тас шығаратынын  айтты. Сонымен қатар, «Есіл-Стоун» серіктестігі темірбетон өнімдері мен асфальт өндіреді. Сондықтан, қиыршық тас сату мәселесі туындамайды.
–Рынокты тек қана өнім санымен емес сапамен жеңуге тырысамыз, – дейді «Есіл-Стоун» серіктестігінің директоры Курейш Солсанов. – Қондырғылар мен техникалар сатып алуға қомақты қаржы жұмсалды. Бұл Шортанды ауданындағы құрылыс саласында алғашқы ірі жоба. Облыстық әкімдік пен жергілікті билік алғашқы күннен бастап қолдады. Барлық мәселелер тез арада шешілді. Қазір жобаның бірінші кезеңі жүзеге асырылуда. Келесі жылы сағатына 300-350 текше метр қиыршық тас өңдейтін қосымша ұсақтау кешенінің екінші кезеңдегі құрылысын жүргізуді көздеп отырмыз. Ол пайдалануға берілгенде сағатына 600 текше метр қиыршық тас өндіріледі. Жобаға жалпы 2,2 миллиард теңге инвестиция тартылады. Жоспарланған жұмыстар кесте бойынша жүргізілуде. 45-60 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жергілікті адамдарды жұмысқа тартамыз. Еңбек етуге тілек білдіргендерді үйретеміз. Электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі туындап отыр. Ол «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының көмегімен шешіледі деген үміттеміз. Қазір Шортанды селосында өнімімізді вагондарға тиеу үшін теміржол тұйығы мәселесін шешудеміз. Бізге тек қана жергілікті құрылыс компаниялары тапсырыс береді деп есептемейміз. Экспортты дамыту бағытын ұстап, Ресейге шықпақшымыз. Бағытымыз жол және өндірістік-азаматтық құрылыс.
Курейш Солсанов сөзінің соңында алдағы жоспарларымен бөлісті. Қиыршық тас өндірісінде сұранысы жоқ көп қалдықтар қалады. «Есіл-Стоун» серіктестігі темірбетон өнімдерін өндіретін ірі зауыт құрылысы жөнінде ойлануда. Қалдықсыз өндіріс пайдалануға берілсе, шортандықтарға тағы жаңа жұмыс орындары ашылады. Әзірше мұнда екі ауысымдық мезгілмен жергілікті 30 адам жұмыс істеуде.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар