Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Барлық саланы қамтиды - АРҚА АЖАРЫ

Барлық саланы қамтиды

Биыл Қазақстан статистикасына – 95 жыл. Статистиканың тарихы тереңде жатыр. Ол өзге де ғылым сияқты өмірлік қажеттіліктен туындады. Ежелден бері салық жинау, әскери қызмет және өзге де қоғамдық мақсаттағы мәселелер халықты есеп-қисапқа жетеледі.

Мәселен, Мысыр, Вавилон, Персия мен Қытайда азық-түлік, жер, жұмыс күші мен құрылыс материалдарын пайдалану ежелден қатты бақыланатын. Қазақ хандығының құрылуы жөнінде де осындай мәліметтерден білуге болады. 1459 жылы Шу мен Талас өзендерінің даласында 200 мың адам, ХV ғасырдың соңында 1 миллион адам тұрған. Қазақстан Ресей империясы құрамында болған кезде статистика қызметі орталықтандырылды. Ел аумағындағы тұрғындардың бірінші жалпы санағы 1897 жылы жүргізілді.
Қазақстандағы алғашқы ресми мемлекеттік статистикалық орган – губерниялық статкомитет Түркістанда құрылды. Оның қарамағына Сырдария мен Жетісу статистикалық бюролары енді. ХІХ ғасырдың 70 жылдары Орал, Семей, Ақмола және Торғай облыстық статистикалық комитеттері құрылды. Дегенмен, 1920 жылға дейін бірыңғай статистикалық орган болмады. Тек Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасы құрылғаннан кейін статистикалық басқарма жұмыс істей бастады. Сөйтіп, Қазақстанда 1920 жылдың 8 қарашасында  бірыңғай орталықтандырылған статистикалық орган құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 8 қараша Статистика күні деп жарияланды.
Мемлекеттік статистиканың қалыптасуының алғашқы жылдары басты назар кәсіпорындар санағы мен есебіне аударылды. Санақ, зерттеу және өзге де жұмыстардың нәтижесінде республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамытудың бірінші кезектегі міндеттерін шешуге қажетті экономиканың жағдайына мінездеме беретін статистикалық анықтама жиналды. Мемлекеттік статистиканы одан әрі дамытуда алпысыншы жылдар маңызды орын алады. 1965 жылы облыстық статистикалық басқарманың машиналық есептеу станциясы құрылды. Бұл статистикалық жұмыстарды механикаландырудың бастамасы болды. Бұл жылдары басқарма мен оның аудандық бөлімшелері есептеу жұмыстарын механикаландыру жабдықтарымен жүргізді. Кейін фактуралық, бухгалтерлік машиналар, табуляторлар, өзге де техникалар пайда болды.
1975 жылы жаңа ЭВМ, М-5000 түріндегі машиналық есептеу станциясымен жабдықталған статистикалық басқарманың есептеу орталығы құрылды. Кейінгі жылдары бұл станцияның орнына өңдеу жылдамдығы жоғары ЕС-1035 қондырғысы қойылды. 1980 жылдардың екінші жартысында түрлендірілген дербес ЭВМ – ІВМ-нің келуіне байланысты есептеу орталығы қысқартылды. Сөйтіп, статистикада «жалпы компьютерлендіру ғасыры» өріс алды. Компьютерлерді енгізу өмірге жылдам ақпарат пен статистикалық өнімнің жаңа түрлерін әкелді. Олар статистикалық ақпаратты кешенді өңдеуден кейін санаулы сағатта шығарылды. Барлық материалдар жергілікті органдардың басшыларына жылдам жіберіліп отырды. Талдау жұмыстары жоғары деңгейге көтерілді.
Нарық қатынастарына көшу статистиканы түп-тамырымен қайта құруға ықпал етті. Баға, үй шаруашылығы статистикалары тәрізді жаңа салалар пайда болды. Таңдамалы зерттеу және өзге де зерттеу әдістері енгізілді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция, еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтік-демографиялық, қаржы, сауда және қызмет, транспорт және байланыс статистикалары дәстүрлі болып қала береді. Таңдамалы зерттеу жолымен тұрғындардың тұрмыс деңгейі, жұмыссыздық және жұмыспен қамтылуы, шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің жұмысы, астықтың шығымдылығы және тағы басқалары қадағаланады. Өткен ғасырда қордаланған оқиғаларды талдаудан статистикалық жұмыстың мазмұны өзгергенін аңғарамыз.
Қазіргі заманғы статистикада тек қана сандық мәлімет қарастырылады. Тіпті,  статистика әр тілде сөйлейтін тұрғындар саны жөнінде де анықтама жинайды. Сауда және қызмет көрсету саласының статистика басқармасы сауда, көлік, байланыс, туризм мәселелері бойынша ақпарат жинайды. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында осы салалардың рөлі зор. Басқармада он маман қызмет етеді. Олардың арасында статистика саласында көп жыл қызмет еткен және кейінгі буынмен тәжірибе алмасатын мамандар  бар. 1991 жылы баға статистикасы пайда болды. Облыс пен Көкшетау қаласындағы бағалар жөніндегі барлық мәлімет осы басқармада  жиналады. Мұнда инфляция, күнкөрістің ең төменгі деңгейі және өзге де экономикалық көрсеткіштер қамтылады. Бүгінгі таңда бұл басқармада 14 маман жұмыс істейді.
Біздің облысымыз – республикамыз-дың ең ірі ауыл шаруашылығы өңірлерінің бірі. Сондықтан, ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасында 6 адам еңбек етеді. Олар статистикалық бақылау мен зерттеуді жинайды және өңдейді. Басқарма мамандары халықаралық стандарттар мен мемлекеттік статистика саласындағы құқықтық актілер нормативтеріне сәйкес ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылықтарынан тұтынушылар үшін сапалы статистикалық ақпарат жинайды.
Жалпы, мемлекеттік статистика органдарының қызметі статистика жұмысының жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика жөніндегі» Заңымен іске асырылып отырады. Жыл басынан бері облыс бойынша онлайн режимінде 46 мың 563 есеп ұсынылды. Ақпараттарды жинау және өңдеу үрдістерін автоматтандыру,  сондай-ақ, респонденттер санын азайту мақсатында электрондық түрде шаруашылық есебі кітабын енгізуді бағдарламалық қамтамасыз ету жүзеге асырылды.
Қазір облыстың статистика органдарында 192 адам еңбек етсе, оның 162-і мемлекеттік қызметшілер. Департамент құрамына 14 салалық басқарма, 17 аудандық және 1 қалалық статистика басқармасы кіреді. Қызметкерлердің 83 пайызын әйелдер құрайды. Статистикалық органдар саласында он жылдан астам уақыт қызмет атқарған мамандар көп. Бізде Қазақстан Республикасы статистикасының үздіктері де баршылық. Көп жылдардан бері статистика департаментінде Е.Көкенова, Н.Шевченко, И.Шалашун, З.Жәкеева, Ф.Исланова, Г.Мягкова, А.Ыбышева, А.Ысқақова, Л.Локштейн, Р.Ордабаева, Г.Пустовойтенко, Ш.Бекболатов,
Ж. Жанабеков,  Л.Кортункова және өзгелері осы салада аянбай еңбек етуде. Сол сияқты М. Балтабаева, А. Мақыжанова, А.Исмаилова, Б.Тасболатова, Ж.Букина, Р.Киекбаев, А.Гапурова, М.Төлебаева,  А.Шайхислямова, Н.Жармұқанбетов, А.Жалмұратова, А.Мұқышев тәрізді мамандардың біліктілігін де атап өткен жөн.
Әр жылдары статистика саласының дамуына Ж.Букин, В.Утянский,
А.Қасымова, Г.Сейдахметова, Л.Лазорская, А.Әбутәліпов, Л.Шульгина, К.Сейтембетова, Р.Булатова, В.Шевчук, М.Үмбета-
лиева, тағы басқа  ардагерлер зор  үлестерін  қосты. Тек қана Көкшетау қаласында біздің салада еңбек еткен 68 зейнеткер тұрады. Бұл аяулы жандарды департаментіміз ұмытқан емес.  Жыл сайын ардагерлерімізге материалдық көмек көрсетіліп, атаулы даталар мен егде адамдар айлығында түрлі шаралар ұйымдастырылады. Облыстық статистика департаменті білікті әрі ұйымшыл ұжым. Біздің алдымызда статистиканы одан әрі дамытудың жаңа міндеттері тұр. Төл мерекеміз қарсаңында департамент қызметкерлері мен статистика ардагерлеріне зор денсаулық, отбасы амандығы мен еңбектеріне табыс тілеймін.

Ермек МУСИНА,
Ақмола облыстық статистика департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар