Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбегі ерен - АРҚА АЖАРЫ

Еңбегі ерен

Төл мерекеміздің қарсаңында бүгінгі күні қол жеткізіп, абыройын арқалап отырған жемісті жолдың бастауында тұрған, біздің салаға өлшеусіз еңбек сіңірген, сол еңбегі әрдайым кейінгі жастарға үлгі-өнеге болып саналатын, абыройы асқақ, мерейі үстем абзал ағаларымыз туралы жылы лебіз арнаған жөн шығар.

Кейінгі толқын ұстаз санаған ұлағатты ағасын, ағасының абыройлы еңбегін ұмытпағандығын, әрдайым жадында жүретіндігін білдіріп, сездіру үшін. Шынында да, ондай адамдардың ұлан-ғайыр еңбегі халықтың жадында, әріптестерінің есінде жүретіндігі де рас. Өздеріне тапсырылған қызметті тап-тұйнақтай орындауды осындай әр ісі үлгі алдыңғы толқын өкілдерінен үйрену ешқашан артық болмас еді. Осындай еңбегі ел есінде қалатын адамдардың бірі, статистика саласына сүбелі үлес қосқан Жеңіс Букин  ағамыз.
Өткен өмір жолдарындағы ғұмыр соқпағына ой көзімен қарайтын болсақ, бүгінде ел ағасы атанып отырған Жеңіс Сырымбетұлы еңбек жолын қатардағы жұмысшыдан бастаған. Жүрегінде жалыны бар жас жігіт 1978 жылы Алматы қаласындағы жоғары партия мектебін ойдағыдай аяқтап шыққаннан кейін ендігі арада партия қызметінде еңбек етті. Ат жалын тартып мінгелі  еңбекпен шыңдалған, қарапайым адамдармен қарым-қатынас жасаудың ізетті үлгісін үйренген зерделі жанның қызметі елеусіз қалған жоқ, біртіндеп өсе берді. Торғай облысының орталығы Арқалық қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болып жүрген кезінде сайын дала төсінде бой көтеріп жатқан сәулетті де дәулетті жаңа қаланың архитектуралық ажарына үлкен үлес қосты. Осы қаладағы әлеуметтік-тұрмыстық нысандар, көптеген тұрғын үйлер дәл осы уақытта пайдалануға берілді.
Статистика саласына 1991 жылдан бастап ауысты. Облыстық статистика басқармасының басшылығына тағайындалған кез Қазақстан статистика саласында жаңа белестердің басталуымен орайлас келді. Ең басты айтатұғын еңбегінің бірі Көкшетау қаласында салына бастағанымен, бітпей тұрған ғимараттың құрылысын аяқтауы. Кеңес Одағы ыдырап, ел ішіндегі экономикалық байланыстар үзіліп жатқан уақытта құрылыстың сәтті аяқталуы өте күмәнді еді. Қаржы мүлдем жоқ. Міне, осы уақытта Жеңіс Сырымбетұлы Мәскеуге дейін барып, тиісті министрліктерде болып, құрылысқа қажетті қаржының мәселесін шешіп келді. Шынтуайтында бұл үлкен табыс еді. Қазір осы ғимарат облыс орталығының ажарына айрықша сәулет үстеп тұр. Шынын айту керек, дәл осы тұста көптеген мекемелер өздері отырған ғимараттарынан айырылып қалып, кейін ұстағанның уысында кеткен дүниелерді қыруар қаржыға жалдап күн кешуде. Ал,  статистика саласы сол уақыттағы Жеңіс Сырымбетұлының зор азаматтығының арқасында мұндай бейнетті басынан кешіріп отырған жоқ.
Көкшетау облысы таратылып, аумақтық өзгеріске ұшырап, Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енгізілген 1997 жылы Жеңіс Сырымбетұлы барлық ұйымдастыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізді. Басшы ретінде ол өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын. Былайғы уақытта балуан бітімді, зор денелі Жеңіс Сырымбетұлы барынша ақкөңіл, айналасындағыларға мөлдіреген мейірім шуағы төгіліп тұратын жанашыр жан. Ал, жұмысқа келгенде барынша талапшыл. Талап болғанда да әркім өз міндетін мұқият атқаруды қалайтын басшы. Өзі де қажырлы еңбегінің жемісін көрді.
Жұбайы Қайыртай Мәкібайқызы екеуі жарық дүниеге екі ұл, бір қыз әкеліп, лайықты тәлім-тәрбие берді. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, үлкен ұлы Жәкен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында, кіші ұлы Жангелді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде абыройлы қызмет атқаруда, ал, қызы Жанна бизнес саласында.
Бүгінде Жеңіс Сырымбетұлы біздің саламыздағы тәлімі мол тәлімгер. Әрдайым ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар сілтейтін жанашырымыз. Бүгінгі Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласының 95 жылдық торқалы тойы да абзал ағамызға әбден қатысты. Ендеше, қуаныш құтты болсын, тәлімгер аға!

Еділ АХМЕТОВ,
облыстық статистика департаменті құрылымдық статистика басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар