Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құрметті мемлекеттік статистика қызметкерлері! - АРҚА АЖАРЫ

Құрметті мемлекеттік статистика қызметкерлері!

 Сіздерді мемлекеттік статистика органдарының ұйымдастырылғанына 95 жыл толуымен және кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Статистика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Билік органдары мен қоғамды жан-жақты әрі шынайы, нақты ақпаратпен қамтамасыз ететін, мемлекеттік басқару жүйесінің айрықша маңызды саласы болып есептелетін статистика органдары сонау 1920 жылы құрылды.
Сала еңбеккерлерінің ынтымақты жұмысы еліміздің алдағы бағыт-бағдарын айқындауға мол мүмкіндік береді. Сіздердің қызметтеріңіз әлеуметтік-экономикалық даму барысын барынша айқындай отырып, ұлттық экономиканың қарқынын және тұрғындардың тұрмыс деңгейін сараптап, алдағы ауқымды істі жоспарлауға ықпал етеді. Әр күнгі тынымсыз істеріңіз арқылы Сіздер ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденіп, дамуына өздеріңіздің сүбелі үлестеріңізді қосып келесіздер.
Құрметті жерлестер!
Сіздердің күнделікті тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз біздің аймақтың тұрақты дамуының кепілі. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отыра, денсаулық, бақыт, табыс және тәуелсіз Қазақстанның болашағы мен гүлденуіне өлшеусіз үлес қосатын кәсіби саладағы зор табысқа жете берулеріңізге тілектеспін.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола  облысының әкімі.

 

 

Құрметті статистика қызметкерлері!

 

Сіздерді Қазақстан мемлекеттік статистикасының 95 жылдығы және кәсіби мереке – Статистика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке  экономиканы дамытудағы статистикалық қызметтің ерекше маңызға ие екенін, мамандардың  кәсібін сүйіп, өз істеріне шынайы берілгендігін айғақтай түседі.
Мемлекеттік статистика қызметкерлерінің сапалы еңбектерінің нәтижесі басшылардың оң шешім қабылдауына негіз жасап, еліміздің одан әрі дамуына дұрыс бағыт анықтауға көмектеседі. Бұл күні Сіздердің қажырлы еңбектеріңізге алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, жоғары кәсіби жетістік, табыс, тұрақтылық, отбасының және жақын адамдардың амандығын тілеймін.
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар