Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жобалар - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жобалар

 Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Шортанды және Аршалы аудандарында болып, жаңадан іске қосылған және салынып жатқан өндірістік нысандармен танысты.

  Табиғи тастардан қиыршық тас пен өзге де құрылыс материалдарын өндіретін «Есіл-Стоун» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық жобасы Бектау селолық округінің аумағында жүзеге асырылып отыр. Несие арқылы құны 436,9 миллион теңгеге түркиялық ұсату-іріктеу қондырғысы сатып алынып орнатылды. Қондырғы сағатына 200 тонна қиыршық тас өндіре алады. Өнім негізінен жол, тұрғын үй құрылысына пайдаланыла бастады. Жаңадан іске қосылған кәсіпорын 28 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жыл соңына дейін 50 мың тонна қиыршық тас өндіру жоспарланған. Алдағы уақытта мұнда қабырға блоктарын шығаратын цех ашу да жоспарда бар. Дайын өнімді Астана қаласындағы құрылыс фирмаларына өткізу көзделген.
Сонымен қатар, өңір басшысы Шортанды кентінде салынып жатқан құс фабрикасында да болды. Аталған кәсіпорын жылына 60 тонна қаз етін өндіріп, өңдейді. Бұл жобаны «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы «Белая Лилия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Салынып жатқан жаңа құс фабрикасының құны 73,9 миллион теңгені құрайды.
Қазір құрылыс жұмыстары басталып, қажетті коммуникация жүйесі тартылды. Кәсіпорынды 2016 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланған. Өнім негізінен, облыс аудандары мен Астана қаласына жөнелтілетін болады.
Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылында да жаңа құс фабрикасы салынуда. Бұл жоба Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Мұнда жылына 360 миллион дана жұмыртқа өндірілетін болады.
Нысан құны – 5 миллиард теңге. 2018 жылдың екінші жартыжылдығында толық қуатында жұмыс істеуге көшпекші. Әзірге жыл аяғына дейін 8 тауық өсіретін орынның екеуін іске қосу жоспарлануда.
Фабрикада 100 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі. Дайын өнім Қазақстанның солтүстік өңірлеріне жөнелтіліп, Ресейге экспортталатын болады.
Облыс әкімі болған тағы бір болашақ кәсіпорын – Жібек жолы ауылындағы «Мартин Азия» серіктестігінің қуырылған шекілдеуікті қаптамаға салатын өндірістік базасы. Оның директоры Айбек Имашев құны бір жарым миллион теңге тұратын жобаның 2018 жылдың екінші жартыжылдығында іске қосылатындығын айтады. Дайын өнім Қазақстан мен Ресейге жөнелтілмекші. Толық іске қосылғанда кәсіпорында айына елу тонна шекілдеуік қуырып, әдемі қаптамамен тұтынушыларға жөнелтуге болады.
Облыс әкімі Сергей Кулагин өзі болған барлық нысандарда да жұмысты жауапкершілікпен атқарып, жобаларды көзделген уақытында іске қосуды тапсырды.   

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Шортанды, Аршалы аудандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар