Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақ алаңдағы жеңіс - АРҚА АЖАРЫ

Ақ алаңдағы жеңіс

Көкшетаудың «Оқжетпесі» премьер-лиганың соңғы турында өз алаңында Қарағандының «Шахтерінен» басым түсті.

Біріншіліктің соңғы ойыны қар жауып, қыстың түсуімен тұспа-тұс келді. Ойыншылар жасыл алаңда емес, қардан тазаланған ақ алаңда доп тепті. Соңғы ойын болған соң, күннің салқындығына қарамастан, жиналған жанкүйерлер  қарасы да бірсыдырғы болды.
Кездесудің алғашқы минутынан көктайғақта ойнаған ойыншыларға оңай соқпады. 19-ыншы минутта «Оқжетпестің» ойыншысы Иван Цветкович допты тартып аламын деп қарсыласы Евгений Кострубты шалып түсірді. Әдейі істеген жоқ, бірақ, осыдан кейін қарағандылық ойыншының аяғы сынып, «жедел жәрдем»  алаңнан ауруханаға алып кетті. Бұл жағдай жалғыз футболшылардың ғана емес, жанкүйерлердің де көңіл-күйін түсіріп тастады. Бәрі де «қараша айында қар түсіп, қыс келетінін біле тұра, біріншілікті осы айға жеткізбей, қазанда аяқтауға болады ғой» деп қынжылыс білдіріп жатты.
Расында, бұл пікірлерді Қазақстан футбол федерациясы келешекте ескеруі керек-ақ. Қарағандылық ойыншы бұдан кейін үлкен футболға орала ала ма, жоқ па, бір құдай біледі. Қысқасы, обал болды.  
Осыдан кейін алаңда 10 ойыншымен қалған «Оқжетпес» ұтылып қалмаса екен деген күдік те басым еді. Оның үстіне турнир кестесінің соңында жүрген кеншілер командасы да осал көрінбеді. Жақсы ойнап, гол соғатын бірнеше мүмкіндіктерге ие болды. Алайда, ойын тағдырын 62-інші минутта қарағандылықтар қақпасына бағытталған айып добы шешті. Команда капитаны  Әлібек Бөлешевтің тамаша шеберлігі қас пен көздің арасында теңбіл допты қақпадан бір-ақ шығарды. Бұл есеп екі жақ қанша тырысқанымен, ойын соңына дейін өзгерген жоқ.
Сөйтіп, «Оқжетпес» командасы өзі өткізген 32 ойында 12 рет жеңіп, 6 рет қарсыластарымен тең түсіп,  14 рет ұтылып, барлығы 29 ұпаймен биылғы біріншілікте 8-інші орынға тұрақтады. Премьер-лигаға биыл ғана оралған команда үшін  бұл үлкен жетістік. Келесі жаңа маусымда табысымыз бұдан да қомақты болады деп сенгіміз келеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар