Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атамның ерлігін ұмытпаймын - АРҚА АЖАРЫ

Атамның ерлігін ұмытпаймын

Менің атам, соғыс және еңбек ардагері Нұрқан Хасеновтың өнегелі өмір жолы мен, шөбересі үшін үлкен үлгі-өнеге. Ол өз өмірінде аштықты да, Ұлы Отан соғысының сұрапыл шайқастарын да, тың игерудің қиын жылдарын да бастан өткізді.

Отан үшін от кешкен,
Өліммен де беттескен.
Омырауын оқ тескен,
Менің атам майдангер!
Нұрқан Хасенов 1915 жылы бұрынғы Есіл ауданына қарасты Қаракемер ауылында дүниеге келді. Ата-анасынан ерте айырылған ол еңбекке де жастай араласты. Ауылдағы бастауыш мектепте білім алып, шағын ауылдарды біріктіріп, ұжымдастыру науқаны қолға алына бастаған кезде Қызылжар қаласына мал дәрігерлік оқуға жіберіледі.
1941 жылы соғыс басталғанда жас жігіт алғашқылардың бірі болып майданға аттанады. Сөйтіп, 310-ыншы атқыштар полкінің құрамында Украинаның Харьков, Запорожье қалаларын жаудан азат етуге қатысады. Мәскеу, Калинин бағытындағы Қызыл Армияның шабуылы кезінде аяғынан жараланып госпитальға түседі. Сауығып шыққан соң өз полкіне қайта оралып, елімізді неміс-фашист басқыншыларынан одан әрі азат етуге қатысады. 1944 жылы қазан айында Нұрқан Хасенов екінші рет қолынан ауыр жарақат алып, Удмурт АССР-ындағы госпитальға жіберіледі. Содан 1945 жылдың ақпан айында екінші топтағы мүгедек болып туған жерге оралады.
Менің атам соғыстан келген соң мүгедек екенмін деп қол қусырып қарап отырмай, бейбіт еңбекке бел шеше кірісіп кетеді. «Новый путь» колхозында мал дәрігері болып жұмыс істейді. Техника жетіспейтін сол жылдарда негізгі көлік ат пен өгіз еді. Колхоз орталығынан учаскелерге жол жүру дегеннің қандай ауыр болатындығын басынан өткерген адам ғана біледі. Бір жолы колхоздың бас мал дәрігері Крухмолов екеуі боранда қалып, бірнеше күн қар астында жатқандары бар. Абырой болғанда соңдарынан іздеушілер шығып, бұларды тауып алады. Алайда, сол жолы қолы қатты үсікке шалынады.
Кейін атам ұзақ жылдар Жарқайың ауданының Пригородный ауылында тұрды. 1975 жылы құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстардан қалмай, еліміздің дамуына қолдан келгенше үлесін қосты.
Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін бірінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және көптеген медальдармен марапатталды. Әттең, осындай жан Ұлы Жеңістің 70 жылдығын көре алмай кетті. Бірақ, мен, басқа да ұрпақтары сол сұрапыл жылдардағы атамның ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. Атамның өшпес рухы, адамгершілік, отансүйгіштік қасиеті мені ылғи жақсы істерге тәрбиелей береді.                                

Қасқырбай ӘДІЛЖАН,
А.Үкібаев атындағы
орта мектептің  оқушысы.
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар