Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еліне елеулі еді!.. - АРҚА АЖАРЫ

Еліне елеулі еді!..

Көңілдерді мұңайтқан  суық хабар…

Зейнет демалысына шыққанға дейін Ақмола облыстық «Арқа ажары» газеті бас редакторының орынбасары болып жемісті қызмет атқарған белгілі журналист Дәуренбек Ақбекұлы Шөрентаев ағамыздың қазасы жалғыз отбасы, туған-туысқандары, өзі еңбек еткен редакция ұжымына ғана ауыр тиіп қоймағандығын, сонымен бірге, марқұмды білетін, күнделікті араласқан, жазған дүниелерін оқып, тұшынған  жора-жолдастары, әріптестері мен оқырман қауымға да оңай соқпай, қабырғаларын қайыстырғандығын  осы күндері редакциямызға өз аяғымен келіп, телефон арқылы, хатпен болсын, көңілдерін білдіріп жатқан көпшіліктің ізгі-ниет пейілдерінен жақсы аңғарудамыз.
Олардың қатарында Алматыдан Сарбас Ақтаев, Көпен Әмірбеков, Қорғанбек Аманжолов, Мұхамедия Жұмағалиев, Өмірзақ Мұқаев сияқты ақын-жазушы ағаларымызбен қоса, Астанадан кезінде «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған қадірлі апайымыз Рақия Нысанқызы Әлібекова, ардагер ұстаз,  штаттан тыс тілшіміз Еркін Дәуешұлы,  ақын Бақытжан Тобаяқов, тағы басқалары бар.
Олай болса, бәріңізге де қадірлі әріптес, асыл азаматтың атына білдірген жылы да қимас сөздеріңіз үшін  редакция атынан мың мәрте алғысымызды айта отырып, газетіміздің осы санында аға қазасының ізін суытпай жеткен тағы бір-екі хатты жарияласақ, артықтығы жоқ қой деп ойладық.

 

 

Құрметті Қайырбай інім және «Арқа ажары» газетінің ұжымы!

 

Елден жайсыз хабар алып отырмын. Дәуренбек ағамыздың өмірден өткенін, өкінішке қарай, кеш естідім. Әріптестері өздеріңізге, отбасына қатты қайғырып, көңіл айтамын. Бүкіл ғұмырын баспасөзге арнаған, бір ұжымда табан аудармай ұзақ еңбек еткен Дәкең қаламы жүйрік журналист, жаны жайсаң, біртоға  адам ретінде есімде қалды. Журналистика факультетінде бізден бірер курс жоғары оқыған  ол кісіні қара тұтып, алдымызда Дәкеңдей ағамыздың барына марқайып жүруші едік. Кейінірек қызметтес болудың сәті түсті.  Марқұмның жатқан жері жарық, иманы саламат болсын. Пейіште нұры шалқысын. Артында қалған ұрпағы аман, ғұмырлы болсын. Жарына, отбасына көңіл айтуымды жеткізулеріңізді өтінемін. Аман болыңыздар, бар болыңыздар! Арамызды жүздеген шақырым қашықтық бөліп  жатқанына қарамастан, көңілімен, жүрегімен өздеріңізбен бірге деп біліңіздер.  Амандықпен көріскенше!  
Құрметпен, Балжан ХАБДИНА.
Алматы.

 

 

Өмір бар да, өлмек те бар деген. Адамның өмірі «туған ай, тураған етпен» бірдей екен ғой. Кеше ғана ортамызда жайраң қағып  жүрген абзал ағамыз, «Арқа ажары» газеті бас редакторының бұрынғы орынбасары Дәуренбек Ақбекұлы Шөрентаев фәни өмірден бақиға озыпты.
Қашан көрсең де, өзінің мейірімді  мінезімен, кішіпейіл келбетімен  баурап алушы еді. Жаны таза, көңілі де аңқылдаған ағаның кескін-келбетін енді көре алмайтынымыз өкінішті-ақ. Амал не, өлімге ешкім қарсы қауқар жасай алмайды. Бүгін біз асыл ағамыздың қазасына  жатқан жерің жұмақта, иманың жолдас болсын дегеннен асып еш қайран жасай алмаймыз.
Бақұл бол, аға!
Манарбек БҰРМАҒАНОВ,
суретші-мүсінші.

 

 

Алғысымыз шексіз

 

Отбасымыздың тірегі, аяулы жар, сүйікті әке, ардақты ата, қазақ баспасөзінің абырой-беделі жолында аянбай еңбек етіп, тер төккен қадірлі ел азаматы Дәуренбек Ақбекұлы Шөрентаевты соңғы ақтық сапарына шығарып салуға моральдық және материалдық көмек-қолдау көрсетіп, тосыннан келген ауыр қазадан қайғы жұтқан осы бір қиын сәтте жанымызға  жылы сөздерімен сүйеу-демесін болған Ақмола облыстық әкімдігі мен облыстық мәслихатына және облыстық ардагерлер кеңесіне, Көкшетау қалалық әкімдігі мен қалалық мәслихатына, еліміздің жөн білер жанашыр тұлғасы, Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиұлы Ерғалиевқа, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақмола облысындағы өкілі, Науан Хазірет атындағы орталық мешіттің бас имамы Қанат  Қыдырминге, облыстық аурухананың бас дәрігері Серік Аяғановқа,  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен мекемелеріне, мемлекеттік автоинспекция ұжымына, Көкшетау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Лашынтай Дүйсеновке, Ақмола облыстық «Арқа ажары» және «Акмолинская правда», «Бұқпа!» газеттерінің редакцияларына, «Қазақстан-Көкшетау» республикалық телерадио корпорациясы» Ақмола облыстық филиалына, басқа да кәсіпорын-ұйым, мекеме басшылары мен елдің белді азаматтарына, туған-туыстар мен құда-жекжат, көрші-қолаң, жора-жолдастарына, журналист әріптестеріне шын жүректен алғысымызды білдіріп, үлкен ризашылығымызды айтамыз.
Алла тағала әрбір оң істеріңізге жар болып, қашанда періштелеріңіз қолдап, қорғап жүрсін. Бізге жасаған жақсылықтарыңыз құдайдан қайтып, дендеріңіз сау, отбастарыңыз аман болуына, еліміздің осылай ынтымақ-береке, ізгілік-мейіріммен абыройы өрлей беруіне  тілектеспіз.
Ізгі ниетпен, Шөрентаевтар отбасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар