Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Комбайн сатып алудың жеңілдетілген түрі - АРҚА АЖАРЫ

Комбайн сатып алудың жеңілдетілген түрі

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы ауыл шаруашылығы техникасының лизинг жағдайын жеңілдететін  бағдарламасын жасады.

Бағдарлама бойынша атаулы қаржы институты қазақстандық диқандарға лизингтің екі түрін ұсынады. Оның біріншісінде фермер кепілдіксіз техника ала алады. Ол үшін бұрынғы 15 пайыздың орнына 10 пайыз мөлшерінде бірінші төлемді төлейді. Екінші түрінде ол төлемді кейінге қалдырып, техника бағасының 10 пайызы мөлшерінде орақтың астығын кепілдікке қойып, комбайнды пайдалана алады. Фермер бірінші лизинг төлемін төлесе, кепілдіктен босатылады. Мұндай жағдай астық кептіргіш, күріш пен мақта жинайтын техникалар лизингісіне қатысты.
  Орақ техникасы оның құнының 12,8 пайызы жағдайында беріледі. Мемлекет қаржыландырудың жалпы ставкасының 7 пайызын субсидиялайды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығы техникалары лизингісінің ставкасы жылына 12,8 пайыздың орнына 5,8 пайызды құрайды. Бүгінгі таңда «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы өтінімдер жинауды белсенді жүргізуде. Отандық өндірушіні қолдау үшін басымдық «АгроМашХолдинг» және «Вектор»  комбайн зауыттарында жиналған қазақстандық комбайндарға беріледі.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар