Кәсіпкер Ринат Губаев бизнестің жаңа түрін игеруге шешім қабылдап, аудан орталығындағы дүкенін кеңейтуді көздеп отыр.
Бірінші қабатта сауда жүргізіледі. Кәсіпкер екінші қабатты фитнес-клуб ретінде жабдықтамақшы. Ал, үшінші қабатта жиһаз цехы орналасады. Фитнес-клубтың жұмысы тек қана жаттығулармен шектелмейді. Би және косметологиялық кабинет тәрізді әртүрлі қызмет көрсету жоспарланған. Ол ғимаратты ұлғайту үшін несие алудың жолын сұрамақ болып, аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығына жолықты.
Мұндағы жұмыс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең ғимаратты қалпына келтіру үшін құжаттар пакеті жиналады. Екіншісінде мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша несие алу өтінімі толтырылады. Қазір кәсіпкерге көмек көрсету жұмыстары қолға алынуда. «Көбі өз бизнесін ашамын деп армандайды. Мен спортқа бағытталған бизнесімді құрмақшы болып, жаттығу залына қаржымды салдым. Жерлестерімнің өз өзімен жұмыс істеуіне көмектескім келді. Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілері барлық кезеңде маған көп қолдау көрсетті», – дейді кәсіпкер алғысын білдіріп. Жаңа кешен келесі жылдың қаңтарында пайдалануға беріледі деп көзделуде.
Жомарт ДОСМҰҚАНОВ.
Есіл ауданы.