Аудандық мәдениет үйінде «Үздік ұжым-2015» атты аудандық сайыс болып өтті.
Ол Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының
20 жылдығы аясында өткізілді. Аталмыш шараның негізгі мақсаты мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген азаматтарды ынталандырып, жұмысқа деген ынта-жігерін арттыру болды.
Байқаудың алғашқы рет ұйым-дастырылып отырғанына қарамастан, сайыс қызықты да тартысты өтті. Қатысушылар төрт кезең бойынша сынға түсіп, өздерінің тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын таныта білді. Бәсекелі өткен сайыста қатысушылардың білімі мен өнеріне облыстық шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі Тоқтарбек Қалдарбаев төрағалық еткен әділқазылар алқасы әділ бағасын берді. Қорытындысында төрт кезеңнен сүрінбей өтіп, оқ бойы озып шыққан №1 Егіндікөл орта мектебінің «Тұлпар» тобы бас жүлдені жеңіп алды. Жүлделі орын иегерлері диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қайрат НҰРДӘУЛЕТОВ,
аудандық мәдениет үйінің әдіскері.
Егіндікөл ауданы.