Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа маусым қуанышы - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа маусым қуанышы

Облыстық орыс драма театрының отыз тоғызыншы маусымының шымылдығы ашылып, өнер ұжымы рухани дүниені сүйетін көрерменімен қауышты.

Бұл жолы  көпшілік назарына Николай Гогольдің әйгілі «Вий» повесі негізіндегі Нина Садурдың «Панночка» мистикалық драмасы ұсынылды. Қойылымның режиссері – Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» Ольга Луцива, қоюшы суретшісі – Наталья Менщикова.
Ымырт. Тыныштық. Кенет ақ көйлек киген бірнеше қыз сахнаны әрі бері айналып, түсініксіз бір сөзді қайталаумен келеді. Дауыс-тары бәсеңсімейді де. Керісінше, одан бетер қатты шығып жатыр. Сол сәтте көрерменнің жүрегі алып-ұшып, бойын ыстық жалын шарпыды. Тіпті, дем алуға қорқатындай. «Не болар екен?» деп жандарын шүберекке түйіп отыр. Жым-жырт. Жарық қосылды. Сахнада  Явтух, Спирид және Дорош атты үш казак арақтың лебімен  әңгіме айтып отыр. Сәлден соң  оларға  Хома Брут  қосылып,  ара тұра  Хвеська жүгіріп шығып отырады. Қойылым осы көріністен бастау алып, ары қарай  түсіндіруге келмейтін тылсым күштің әсерінен қызықты да қорқынышты жайттар орын ала бастады.
Қойылымда мейірімділік пен зұлымдықтың арпалысы аса үлкен шеберлікпен көрсетілді. Терең ойлы  оқиға желісі көрерменді бірден елеңдетіп, ал, сахна сыртындағы жан түршігерлік дауыстар мен дыбыстар драманы одан бетер әсерлендіре түсті. Мистикалық драма көрермендерден оң бағасын алып, зор ілтипатқа ие болды. Соның бірі, Арайлым Байсарина өз сөзінде  адам мен тылсым күш арасындағы үзілмейтін нәзік байланыс өте шебер көрсетілгенін атап өтті. Оның айтуынша, әртістердің ойыны, жарықтың түсуі, әуенмен көркемделуі  жоғары деңгейде болғаны сонша  оқиғаны шынайылықтан ажыратуға мүмкін еместей.
 Қойылым соңында қалың көрермен тік  тұрып, театр  әртістеріне қол соғып,  қошемет көрсетіп, жаңа маусымның ашылуынан жақсы  көңіл-күймен тарасты.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар