Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсының жалғасы - АРҚА АЖАРЫ

Жақсының жалғасы

Атбасар қаласында сонау 1943 жылдың наурызында өндірістік учаске болып бой көтерген вагон депосы тәуелсіздік жылдары қайта құру, жетілдіру үрдістерінен кейін «Аждар и К» серіктестігі деп аталып, өзіне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқарып келеді.

Вагондардың  күрделі жөндеуін жүргізетін ұжым бүгінде елдегі өндірістің алдыңғы қатарлы кәсіпорны.  Осы ұжымда он жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Мұхаметқали Мұхаметжанов жайлы бір ауыз жылы сөз айтқан жөн.
Мұхаметқали Атбасарда тұратын атасы Ахметжан мен әжесі  Рәзия Ыбырайқызының қолында өсті.  Өнегелі тәрбие көрген ол жастайынан егде адамдарға қолқабыс жасады. Үйдегі малды күтіп бақты. №4 орта мектептің қазақ сыныбында оқыды. Сынып  жетекшісі Тыныштық Сарбайқызы  оқушыларына сапалы білім алыңдар, болашақтарың соған байланысты болады деп үнемі ақыл-кеңес айтатын. Шәкірттері  оның әр сабағын ынтамен тыңдады.  
Кейін ата-әжесі өмірден өтіп, Пролетарка   селосында тұратын әкесі мен анасының қолына оралды. Әкесі – Ораз мал шаруашылығында жұмыс істеді. Анасы  7 ұл, бір қыздың тәрбиесімен айналысты. Мәкең тракторшы, одан кейін көлік жүргізушісі мамандықтарын игерді. Алғашқы жылдары мал бақты, кейін трактор-егіс бригадасында механизатор болып жұмыс істеді. Еңбегімен көзге түсіп, талай  марапаттауларға ие болды.   
Соңғы жылдары серіктестікті басқарған Александр Клименко оның жұмысына  әрдайым ризашылығын білдіретін.  Үздік механизатордың суреті кеңшардың Құрмет тақтасынан түскен жоқ.
Күләш Зиядиновамен Атбасарда танысып, шаңырақ көтерді. Соңғы  жылдары Атбасарға қоныс аударды.  Елуге жақындаған жігіт ағасы депоның вагон  құрастыру цехына слесарь болып жұмысқа алынды.  Вагондардың тежегіші мен  жүріс бөлігін жөндейді.
 «Аждар и К» серіктестігі бүгінгі заманға сай технологиямен жұмыс істейді. Серіктестік  жұмысшылардың еңбек етулеріне толық жағдай жасаған.  Цехтар күрделі жөндеуден өткізіледі.  Еңбекақылары  уақытында төленеді.
–Кәсіпорында еңбегімен көзге түскен жұмысшылар жетерлік. Солардың  арқасында жоспарды ойдағыдай орындаймыз, – дейді кәсіпорын басшысы,  облыстық мәслихаттың депутаты Әждар Тайшытаев. – Сапалы атқарылған жұмыс кәсіпорынның  беделін көтереді. Иә, Мұхаметқали Мұхаметжанов мақтауға тұрарлық жұмысшылардың бірі. Лайым солай бола берсін!
               
Өмірсерік ШАЙХИН.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар