Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Зерделі ұрпақ» қоғамдық бірлестігі Көкшетау қаласындағы «Бурабай» спорт сарайында «Жастар лаңкестік пен экстремизмге қарсы!» облыстық акциясын өткізді.
Екі жүзден астам адам қатысқан шара барысында жастарға экстремизм мен лаңкестіктің шынайы болмысын ашатын ақпараттық парақшалар таратылды. Акцияға жиналғандар экстремизм секілді жаман әдеттерге қарсы екендіктерін білдіріп, мұз айдыны үстінде «ЖОҚ» сөзінің кескінін келтірді. Сондай-ақ, татулық пен бейбітшіліктің белгісі ретінде аспанға түрлі-түсті шарлар жіберілді.