Бұл байқауды Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі ұйымдастырып отыр. Байқауға мектеп оқушысынан бас-тап, ірі кәсіпорындарға дейін әртүрлі санаттағы өнертапқыштар қатыса алады. Байқау бес аталым бойынша өткізіледі. Олар: «Оқушылар арасындағы үздік инновациялық жоба», «Үздік жас ғалым», «Жылдың үздік рационализаторлық шешімі», «Кәсіпорында рацио-нализаторлықты қолдаудың үздік жүйесі», «Инновация тақырыбындағы үздік журналистік мақала».
Байқаудың жалпы жүлде қоры –
18 миллион 600 мың теңге. Байқауда жеңіске жеткен оқушылар, жас ғалымдар мен журналистер танымдық-білімдік сапар аясында Ұлыбританияға бару мүмкіндігіне ие болады. Ал, «Үздік жас ғалым» аталымының жеңімпазы Лондонда өтетін халықаралық байқауға жолдама алады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.