Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ертең – ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні - АРҚА АЖАРЫ

ертең – ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні

Құрметті ауыл еңбеккерлері, агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері!
Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймын!  Бұл мерекенің біздің аграрлық облысымыз үшін маңызы зор. Ауыл шаруашылығында еңбек ететін мыңдаған ақмолалықтар ел экономикасының маңызды стратегиялық бағыттағы саласын дамытуға сүбелі үлес қосуда.
Облыста мал шаруашылығында, ауылдық аумақтарды дамытуда оң серпін байқалады. Ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейі жақсарып, жоғары технологиялық жобалар жүзеге асырылуда, саланы модернизациялау қолға алынып отыр. Аграрлық кешеннің болашағы бәсекелестікке қабілеттіліктің артуымен, халықаралық аграрлық нарықтың толыққанды мүшесі болумен тығыз байланысты. Осының бәрі болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақсатты аграрлы саясаты мен жүйелі мемлекеттік қолдауының арқасында сала қарқынды дамып келеді. Соңғы 10 жылда облысқа барлығы 256 миллиард теңге қаражат бөлінді. Осының арқасында жалпы ішкі өнім көлемі үш есеге артты. Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы импорттық тауарларға тәуелділікті азайтып,  азық-түлік қауіпсіздігін нығайтты,  сондай-ақ,  ауылдағы халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсартты.
Облыс агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін толымды тартулармен қарсы алып отыр. Біздің аграршылардың қажырлы еңбегінің арқасында биылғы жылы
4,6 миллион тонна астық жинауға және әр гектардан орта есеппен
11,2 центнерден өнім алуға қол жеткізілді.
Сіздермен ауылдағы әлеуметтік салаға қатысты мәселелерді кешенді түрде шешу жолында бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Тек биыл ғана машина-трактор паркі осы заманғы көптеген жаңа комбайндармен және тракторлармен, тұқым себу кешендерімен толықтырылды.  Алдағы уақытта да мемлекеттің қолдауымен және бизнестің қатысуымен аграрлық сектордың қуаты арта түсетіндігі, сөйтіп, ауыл өмірі жақсаратындығы даусыз.
Құрметті ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері!
Мереке күні сіздердің қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, еңбектеріңізге жаңа тың табыстар тілеймін!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

 

Құрметті ауыл еңбеккерлері,
ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері!
Сіздерді шын жүректен кәсіптік мереке – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймын!  
Сіздер өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайта отырып, халықты балғын және сапалы тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуге және облыс экономикасының дамуына маңызды үлес қосып келесіздер.  Саланың жоғары нәтижелерге қол жеткізуінің басты кепілі сіздердің кәсіпқойлығыңыз, туған жерге деген сүйіспеншілік пен қалаған істеріңізге берілгендіктеріңіз болып табылатыны сөзсіз. Осы күні Сіздерге күн сайынғы жанкешті әрі шын мәнінде жасампаз еңбектеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін.  
Сіздерге зор денсаулық, әл-ауқат, мол түсім, жұмыстарыңыздың нәтижелерін көруді, Қазақстан Республикасы мен оның тұрғындарының игілігі үшін жасап жатқан еңбектеріңіздің  табысты болуын тілеймін!

Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар