Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маңдай тер жемісі - АРҚА АЖАРЫ

Маңдай тер жемісі

Биылғы жыл ақмолалықтар үшін табысты болды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер қомақты.

Осының бәрі ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының тізе қосып, бірігіп атқарған нәтижелі жұмыстарының арқасында жүзеге асып жатыр десем, қателеспеймін. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің биылғы кәсіби төл мерекесін біздің «Даниловский және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де табысты қарсы алып отыр.
Агротехникалық талаптарға сай тұқымды дер кезінде сіңіріп, сапалы әрі мол өнім алдық. Біздің шаруашылықта 7 мың гектардан астам егістік алқабы бар. Оның  970 гектары майлы дақылдарға тиесілі. Дегенмен, биылғы жылы ауа райының қолайсыздығы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін өте ауыр болды. Соған қарамастан, біздің серіктестік диқандары гектарынан орта есеппен 18,2 центнерден астық алды. Шаруашылықта жұмыс істейтіндер негізінен, жергілікті ауыл тұрғындары. Агрохимикаттарды тиімді пайдалану, жерді нөлдік өңдеудің қазіргі заманғы технологияларын қолдануды кеңейту және басқа да бірқатар инновацияларды енгізудің кешендік шаралары астық шығымын арттырып қана қоймай, сапалы әрі мол өнім алуға мүмкіндік беруде.
Биылғы жылы көктемгі егіс жұмыстары кезінде жауын-шашынның мол болатынын ескеріп,  науқанды ерте бастадық.  Осы орайда,  топырақтың тиісті деңгейде жылынбауы тұқымның өсіп-өнбеуіне әкеліп соқтыратыны анық. Сондықтан,  себілетін тұқымның сапалысын таңдап,  алдын ала өңдеуден өткіздік. Осылайша,
5 мамырда алғаш жерге дән сіңіре бастадық.
Ал, технологияға келетін болсақ, агрохимиялық жұмыстар мен ылғал жабу, тұқым таңдау сияқты шараларды мамандардың пікіріне құлақ түре отырып, уақытылы жүзеге асырдық. Біздің тұқым негізінен, отандық өнім. Бұл біздің климаттық белдеуге сай болғандықтан, астық түсімі де мол болуда. Биылғы жылы 1500 гектар жерге нөлдік технология бойынша тұқым септік. Химиялық препараттарды да 100 пайыз қолдандық. Осының арқасында барлығы 11077 тонна астық жинадық. Бұл әрине,  біздің шағын серіктестік үшін жеткілікті, одан қалды, сыртқы саудаға шығарарлықтай мүмкіндігіміз бар.
Қоңыр күзде астықты кептіретін орындар болмағандықтан, соңғы жылдары оны кептіріп, сақтау біраз қиындықтар туғызып отыр. Сондықтан, алдағы уақытта астық сақтау орындарын салу арқылы бұл мәселені шешуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар,  бүгінгі таңда егіншілік шаруашылығымен салыстырғанда тез пайда бермесе де, мал шаруашылығын да қатар жүргізіп келеміз. Өткен жылы осы мақсатта 140 бас қазақтың ақбас сиырының қашарларын, 6 бас герефорд бұқасын сатып алдық. Мұндай ірі қара малдың өнімділігі жоғары. Олар әсіресе, біздің жақтың үскірік аязына төзімді келеді. Қыстың күні қардың үстінде жүріп те бұзаулай береді. Қанша суық болса да, күйін төмендетпейді. Бір сөзбен айтқанда көп күтімді талғамайтын қазақтың ақбас сиырларын күтіп-баптау шаруашылық малшыларына да жеңілірек болып отыр. Осы мақсатта 2 мың шаршы метр аумақты алып жатқан мал қорасы жөнделіп,  қалпына келтірілді. Сондай-ақ,  мал суаратын құдық қазылып, тиісті жемшөп қоры жасалды. Соңғы жылдары біздегі кеміңкіреген қой басы да ептеп көбейіп келеді. Қазір 157 бас қой бар. Оның санын да  жақын арада арттыра түсеміз бе деп отырмыз. Заман ағымынан қалмай өнім көлемін, оның сапасын арттыруға жете көңіл бөліп отырған серіктестіктің жеткенінен жетері көп деуге болады.
Айбат ЕСЕНТҰРОВ,
«Даниловский және К»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры.

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар