Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Малсақ жан - АРҚА АЖАРЫ

Малсақ жан

Виктор Сураев Ақбұлақ ауылында «Сураев В.В.»  шаруа қожалығын сонау 1997 жылдан бастап дамытып келе жатқан жан. Екі жоғары білімді Виктор Васильевич қазіргі таңда білікті шаруа, жаңалыққа ұмтылған еңбеккер. Былтырғы 70 ірі қара мал басын биылғы жылы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 63 бас ірі қара малмен толықтырды. Оған қоса жылқы, шошқа да өсіріп, дамытуды қолға алған. Астық егіп, жемшөбін өзі дайындап, шөптің мерзімінде, сапалы жиналуына  аса үлкен мән беретіндігін де ұқыпты жиналып тұрған шөп қатарынан анық байқауға болады. Үш ұлы да жоғары білімді,  кенже ұлы Юрий әке жолын жалғастырып, мал шаруашылығының қыр-сырын үйренуде. Виктор Васильевич те бала кезінен әкесі мен анасының ауладағы малға деген сүйіспеншілігін сезіп өскендіктен де қысылтаяң шақта малмен айналысуына ешқандай да қиындық тумағанын айтты. Жұбайы Вера Николаевна екеуі 7 немере сүйіп, қырық жыл отасып отырған бақытты отбасы. Бір қызығы қорадағы сиырларын суретке түсіруге барғанымызда арасында жүрген екі есекке назарымыз ауды. Менің мұнымды байқаған ол:
– Немерелеріме алдым. Мініп алып, мәз болып, ауыл аралайды. Бір жағынан денсаулықтарына да жақсы ғой, – деді күліп. «Фермер» дүкенін де ашыпты. Алдағы уақытта мына етті сиырлардың өнімін ауылдастарына балғын күйінде ұсынуды жоспарлап отырған көрінеді.  Шаруа қожалығында үш ауылдасы тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, науқан кезінде тағы да біраз жұмысшыларды қабылдап, еңбектерін ренжітпей беріп отырған басшысына ауылдастарының да алғысы мол. Еңбегі еленіп, медальмен де марапатталған.

Мәулен АЖЫҚАНОВА.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар