Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тәуелсіздік нышаны - АРҚА АЖАРЫ

Тәуелсіздік нышаны

1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық валюта – Теңгені айналымға енгізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Ұлттық валюта – Теңгенің енгізілуі Қазақстанның тек қана саяси емес, экономикалық та тәуелсіздігін айғақтады. 1993 жылы мемлекет тәуелсіздігі қалыптасуының өте күрделі кезеңінде  өз валютамызды айналымға енгізу мүмкіндігінің өзі әр-түрлі қабылданды. Өзінің ақша бірлігін енгізу – Қазақстан үшін экономикалық тәуелсіздікті іске асырудың негізі болды. Өз валютамыздың болуы Ұлттық банкке  тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. Ақшаны айырбастаудың аяқ-
талуы – өндірістің құлдырауының қиын-қыстау жағдайында  және инфляция бел алған кезеңде ұлттық валютаның тұрақтылығын және еркін айырбасталуын қамтамасыз ету үшін Үкімет пен Ұлттық банк орындауға тиісті үлкен әрі маңызды жұмыстың басталуы еді. Бүгінгі күнде Қазақстан халықаралық экономикалық жүйеге интеграцияланған, ғаламдық  үрдістердің ықпалына бейімделген ел ретінде танымал. Біздің еліміздің негізгі  экспорт өнімдері – мұнай мен металға әлемдік бағалар төмендеуде. Бұл – ішкі жалпы өнім өсімінің  қарқынына теріс әсер етеді. Экспорттық табыстың төмендеуі республикалық бюджеттің табысына,  еліміздің төлем балансына кері ықпал тигізетіні анық.
Әлемдік экономикадағы теріс факторлардың күшеюін ескере отырып, Үкімет пен Ұлттық банк экономиканың орнықты ұзақмерзімді өсуін және қамтылуын қамтамасыз ету үшін құрылымдық реформалардың топтамасын әзірлеуде. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Ұлттық банк ағымдағы жылы ортамерзімді келешекте инфляциялық таргеттеуге көшу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға кірісті. Үкіметтің экономиканың барлық секторларында құрылымдық реформаларының кешенін қолдау қажеттілігі инфляциялық таргеттеуге көшуді жылдамдатуға объективтік алғышарттар жасайды. Инфляциялық таргеттеу мақсаты инфляцияның болжамдық деңгейі, ал, операциялық мақсаты ақша нарығының пайыздық ставкасы болатын инфляцияның мақсатты деңгейіне жетуге бағытталған ақша-кредит саясатының режімі. Орта мерзімді кезеңде инфляция болжамы мақсатты көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, орталық банк базалық пайыздық ставканың ағымдағы деңгейін көтеру  туралы шешім қабылдайды. Инфляция болжамы мақсатты деңгейден төмен болған жағдайда, орталық банк пайыздық мөлшерлемені төмендетеді. Осылайша инфляцияны бақылау мақсатында орталық банк қысқамерзімді мөлшерлемелерге ықпал етеді, ал олар өз кезегінде кредиттік ресурстардың, инвестициялардың құнына, іскерлік белсенділікке  және инфляцияға әсер етеді.  
Әлемдік экономикадағы іргелі теріс өзгерістер жағдайларындағы жаңа экономикалық саясат экономикалық өсу және баға тұрақтылығы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету үшін жаңа ақша-кредит саясатын талап етуде. Мұнайға  әлемдік бағаның құбылмалылығының жоғарылығынан және Қазақстанның негізгі сауда жасайтын әріптес елдерінде валютаның құнсыздануынан теңгенің айырбастау бағамы үлкен ауытқуға ұшырады. Бұл ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ақша-кредит саясаты активтерінің ығысуына  әкелді. Валюталық арна Қазақстанның ақша-кредит саясатында маңызды рөл атқарады, сондықтан, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банкі 2015 жылғы 20 тамыздан бастап инфляциялық таргеттеу режіміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатын іске асыруға кірісуге және  еркін өзгермелі айырбастау бағамына өтуге шешім қабылдады.
Теңгенің айырбастау бағамы іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып, нарықтық сұраныс пен ұсыныстың негізінде қалыптастырылатын болады. Ұлттық банктің және Ұлттық қордың алтын валюта активтерін сақтау мақсатында Ұлттық банк 2015 жылғы 5 қарашадан бастап өзінің валюта нарығына қатысуын барынша азайту туралы шешім қабылдады. Ұлттық банк   сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын және іргелі факторлардың іс-әрекетін көрсетпейтін бағамның үлкен ауытқуларын бәсеңдету құқығын сақтайды.  Инфляциялық таргеттеуге негізделген жаңа ақша-кредит саясатын іске асыру экономикалық саясаттың стратегиялық міндеттерін – отандық экономиканың ұзақ мерзімді орнықты өсуіне, инфляцияның төмен деңгейіне қол жеткізу, жұмыспен қамту деңгейін арттыру және ел халқының әл-ауқатын жақсарту міндеттерін шешуге ықпал ететін болады. Үкімет пен Ұлттық банк халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау жөнінде шараларды қабылдауда.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының қаулысымен  бекітілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары мәселесі ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша шешіле бастады. Бұл бағдарлама бойынша 2004-2009 жылдар аралығында 3 пайыздық ставкамен  20 жылға берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 130 миллиард теңге бөлінді. Бұл әлемдік тәжірибедегі еліміздің Ұлттық банкі тарапынан бұрын-соңды болып көрмеген теңдессіз шара болды. Қарызды қайтару мерзімін көбейту, пайыздық ставканы азайту және несиені теңгеге ауыстыру арқылы ипотекалық несиені едәуір жеңілдету болжануда. Сонымен қатар, халықты қолдау бойынша шаралардың бірі – жеке тұлғалардың жедел салымдары бойынша бағамдық айырманы өтеу болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  тапсырмасы бойынша Ұлттық банкі Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен бірге жеке тұлғалардың ұлттық валютада ашылған жедел депозиттері бойынша бағамдық айырманы төлеу тетігін әзірлеу  мәселесі бойынша жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобының құрамына Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктердің, Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығының және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының өкілдері  кірді.
Өтемақы жеке тұлғалардың биылғы жылғы 18 тамыздағы жағдайына сәйкес банк шотындағы салым қалдығы 1 миллион теңгеден аспайтын ұлттық валютамен ашылған жедел депозиттері бойынша жүргізіледі. Депозитті банктегі арнайы шотта бір жыл бойы сақтаған жағдайда азаматтарға бағамдық айырма  төленетін болады. Осы өтемақы тетігінің мақсаты  халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары ретінде салымшылардың белгілі бір сегментін қолдау болды. Осы бағдарламалар бойынша өтініштерді қабылдау үшін қолайлы жағдайлар жасалып, Ұлттық банктің  және өзге де банктердің сайттарында ақпараттар орналастырылды. Ақыл-кеңес беру жөнінде менеджерлермен  қосымша жұмыстар жүргізілді. Өтініштерді қабылдау бойынша жұмыс белсенді түрде қолға алынуда. Осылайша, әлемдік экономикадағы ауытқушылықтарға қарамай, осы және келесі жылы Қазақстанның экономикалық және қаржы жүйесі  өзінің қалыптасқандығын дәлелдеуі тиіс деген тұжырым жасауға болады.
Бектұрған БОЗТЕРИЕВ,
Ұлттық банкі Ақмола филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар