Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Батырым – Мәлік беренім!» - АРҚА АЖАРЫ

«Батырым – Мәлік беренім!»

 15 қараша күні Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл толуына орай, қоғамдық жұртшылық өкілдері даңқты жерлесіміздің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.  

Алдымен сөз алған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева батырдың ерлігін ұлықтау өскелең ұрпақтың парызы екендігіне тоқталды. Батырдың айбынды тұлғасы жас толқынға үлгі болуы тиіс. Жазушының еңбектерін оқығанда,  сұрапыл соғыстың ауыртпалығы көз алдыңа келеді. «Ерлік өшпейді» дейтініміз де содан шығар.
 Кейінгі ұрпақ тарихи тұлғаның өмірі мен өнегесін зерделеп, насихаттау мақсатында аянбауымыз қажет. Сан қырлы талант иесі артына ғажайып мұралар қалдырды. Соғыстағы ерлігі, бейбіт замандағы ерен еңбегі ұшан-теңіз.
Мінбеге шыққан Қазақстан Республикасы қауіпсіздік комитеті шекара қызметі директорының кеңесшісі, генерал-майор Марат Мәрденов өз сөзінде Мәлік Ғабдуллин тек Көкше жерінің емес, жалпы, еліміздің  жігері – жалын, жүрегі – түкті, күші – мығым болған батыр ұлы екенін айтып өтті. Әрі облыс орталығындағы 5510 әскери бөліміне қазақтың маңдайына туабіткен азаматтың есімін беру мәселесін қолға алу қажеттігін де назардан тыс қалдырмады.
Тағылымды шара барысында облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мағауия Рақымбергенов, Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек, атақты қолбасшы генерал-майор Иван Панфиловтың немересі  Алуа Байқадамова  сөз алып, жиынның тәрбиелік мәніне тоқталды.
Салтанатты шара облыс әкімі Сергей Кулагиннің, Астана қаласынан келген меймандар, облыстық ардагерлер кеңесі, облыстық мәдениет басқармасы мен облыстық қорғаныс істері департаменті, Мәлік Ғабдуллин музейі, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының атынан  батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар