Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дәрігерлер тапшылығы сезілуде - АРҚА АЖАРЫ

Дәрігерлер тапшылығы сезілуде

Ақмола Медиа орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Гүлнәр Құлышева  «Саламатты Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру орайында атқарылып жатқан  жұмыстар туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

Ағымдағы жылы «Саламатты Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасының төрт бағыты бойынша ауыз толтырып айтатындай жетістіктер бар. Мұның ішінде  балалар өлімін азайту күн тәртібінің басты мәселесі болып қала бермекші. Көрсеткіштерге жүгінетін болсақ, соңғы төрт жыл ішінде сәбилердің өлім-жітімі  екі есе азайған. Туберкулез ауруына шалдыққан азаматтардың саны 24,5 пайызға төмендеген. Ал,  уақытылы  жүргізілген тексеріс барысында қатерлі ісіктің пайда болуынан өлім-жітім көрсеткіші жиырма үш пайызға кеміп, соның есебінен облыс тұрғындарының өмір жасы да ұлғая түсті. Баяндамашының айтуынша, тек аналар өлімінің көрсеткіші соңғы бес жылда тұрақты емес екен.
Азаматтардың денсаулығын бақылап отыру мақсатында  барлық денсаулық сақтау нысандары қажетті құрал-жабдықтармен  қамтамасыз етіліп отырады. Жалпы алғанда,  соңғы жылдары 980 қондырғы сатылып алыныпты. 2016 жылы бұл мақсатқа 700 миллион теңге  бөлінбекші. Қазіргі уақытта облысымызда 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгелі отыр. Алайда,  медицина саласындағы мамандар тапшылығы әлі де болса оң шешімін таппауда. Бүгінде өңірімізге екі жүзден астам дәрігер жетіспейді. Қазіргі таңда облысқа 98 дәрігер мен 214 медицина қызметкері жұмысқа келген. Өз кезегінде, оқуларын тәмамдаған  түлектердің көпшілігі Астана қаласындағы мекемелерде жұмыс істеуге құлшынатыны осы жағдайға кері әсер етуде.  Сондықтан,  жергілікті жердегі  дәрігерлердің бесаспаптығына баса  көңіл бөлініп отыр.
Баспасөз мәслихаты соңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сала басшысына  толғандырған сұрақтарын қойып,  тиісті жауап  ала алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар