Кәсіпкер Ринат Губаев аудан орталығындағы дүкенін ұлғайтып, бизнесін одан ірі дамытуды көздеп отыр.
Бірінші қабатта сауда жүргізіледі. Кәсіпкер екінші қабатты фитнес-клуб ретінде жабдықтамақшы. Ал, үшінші қабатта жиһаз цехы орналасады. Фитнес-клубтың жұмысы тек қана жаттығулармен шектелмейді. Би және косметологиялық кабинет тәрізді әртүрлі қызмет көрсету жоспарланған. Ол ғимаратты ұлғайту үшін несие алудың жолын сұрамақ болып аудандық кәсіпкерлікті қолдау орталығына жолықты.
Кеңесшілердің жұмысы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең ғимаратты қалпына келтіру үшін құжаттар пакеті жиналады. Екіншісінде мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша несие алу өтінімі толтырылады. Қазір кәсіпкерге көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. «Көбі өз бизнесін ашамын деп армандайды. Мен спортқа бағытталған бизнесімді құрмақшы болып, жаттығу залын салуға қаржымды салдым. Жерлестерімнің өз-өзімен жұмыс істеуіне көмектескім келді. Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілері барлық кезеңде маған көп қолдау көрсетті», – дейді кәсіпкер алғысын білдіріп. Жаңа кешен келесі жылдың қаңтарында пайдалануға беріледі деп көзделген.
Жомарт ДОСМҰҚАНОВ.
Есіл ауданы.