Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шешімін күткен мәселелер де бар - АРҚА АЖАРЫ

Шешімін күткен мәселелер де бар

Ақмола Медиа орталығында өткен баспасөз мәслихатында Зеренді ауданының әкімі Асқар Мұратұлы жыл басынан бері ауданда әлеуметтік-экономикалық, басқа да салаларда атқарылған жұмыстардың нәтижелері жайлы баяндап, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.

Аудан әкімінің айтуынша, өткен жылдағымен салыстырғанда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты деңгейде. Өнеркәсіп саласында ауданның жалпы өнім мөлшері 46,5 миллиард теңгені құраған. Күзгі егін орағы кезінде ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жергілікті диқандар астықты уақытында жинап алған. Ауданда мал шаруашылығын өркендетуге бағытталған мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда.  Биыл кәсіпкерлерге 412,8 миллион теңге көлемінде несие беріліп, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қатысуымен облыс орталығы мен Астана қаласында сегіз жәрмеңке ұйымдастырылғаны да  айтылды.
Мұнымен қатар, баяндамашы күрмеуі шешілмей тұрған бірқатар өзекті мәселелерге де тоқталып өтті. Ол кейбір ауылдардың әлі күнге дейін сапалы ауыз сумен қамтылмауы жайлы да ой қозғады. Березняковка және Заречный ауылдарында бұл мәселе күн тәртібінде тұр. 2012 жылы аталған елді мекендерде су құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, оны жүзеге асыруға мемлекеттен қомақты қаражат бөлінгенімен, республикалық бюджеттік комиссияның шешіміне сәйкес ол ақша мемлекетке кері қайтарылып алынған.
Денсаулық сақтау саласында да жетістіктермен қатар, «әттеген-ай» дегізетін жайттар жоқ емес. Бұлай деуімізге, жыл басынан бері аудандық ауруханада үш бірдей нәрестенің шетінеуі себеп. Әрине, бұл жайттарға  ақ халаттыларды ғана айыптаудан аулақпыз. Тек қана медицинаның қарыштап дамыған заманында келешекте ана мен бала өлімі тіркелмесе екен деген тілегіміз бар.
Шара барысында Зеренді ауданы мен Щучинск қаласын жалғайтын сексен шақырымдық жолдың жөнделуі, елді мекендердің біріне Қосағалы батырдың есімін беру туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің айтқан ұсыныстарын аудан басшысы назарда ұстайтындығын жеткізді.                   

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар