Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тағайындау - АРҚА АЖАРЫ

Тағайындау

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің 2015 жылдың 5 қарашасындағы өкімімен Айна Ермекқызы Мүсірәлімова Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

 

Айна Ермекқызы Мүсірәлімова 1966 жылы туған. Білімі жоғары. Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін филолог, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін әлеуметтік сала бакалавры мамандықтары бо-йынша бітірген.  
Еңбек жолын жұмысшыдан бас-тап, кейін мектепте орыс тілі  мен әдебиеті пәнінен сабақ берді. 1994 жылдан Көкшетау қалалық тілдер басқармасында бас маман, Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Ақмола облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бас маман, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2005-2008 жылдар аралығында Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, 2008-2011 жылдар аралығында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары, одан әрі Аршалы ауданы әкімінің орынбасары болды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып қызмет істеді.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Мемлекеттік қызметке 10 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар