Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қуанышқа толы лебіздерін білдірді - АРҚА АЖАРЫ

Қуанышқа толы лебіздерін білдірді

 Калачи селосы мен Красногорск кентінде тұрған 10 отбасы қараша айының басында пайдалануға берілген 45 пәтерлі жаңа үйге қоныстанды.
  Салтанатты рәсімде пәтер кілттерін табыс еткен Есіл ауданының әкімі Аманбек Қалжанов жаңа тұрғын үй «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде осы тұрғындарды көшіруге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатқа салынғанын атап өтті.  
Зейнеткер Вера Феллердің ауыл шетінде орналасқан үйін жылда қар басып қала беретін. Оның үстіне қыстың қақаған аязында отын-су тасу зейнеткерге ауыр болатын. Қарт ана осы машақаттан құтылғанына дән риза. Енді ол ұлымен екеуі орталықтандырылған жылумен, сумен қамтамасыз етілген жаңа пәтерде тұратын болады.
– Біздің мәселені назардан тыс қалдырмай, қолдау білдірген облыс әкімі Сергей Витальевич Кулагинге алғысым шексіз, – деп ағынан жарылды Вера Феллер. 83 жастағы Эльза Рерихке бір бөлмелі пәтер берілді. Гүл өсіруді сүйікті ермегіне айналдырған зейнеткер пәтер терезелерінің кеңдігіне қуанышты.
– Жаңа пәтердің терезелерінің алдында менің гүлдеріме орын жетерлік екен. Мені қуантқан да осы. Ауылда пешпен жылытылатын үйде тұрдым. Көмір мен отын тасуға күш-қуатым жете бермейтін еді. Жаңа пәтердің жылу жүйесіне қосылғаны жақсы болды. Ұлым мен келініме де осы үйден үш бөлмелі пәтер берілді, – дейді өз әсерімен бөліскен зейнеткер.
Григорий Швецовтың өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеп жүргеніне он жылдың жүзі болыпты. Жұмысы аудан орталығында болғандықтан, Есіл қаласына көшіп келуді әлдеқашан жос-парлап қойған оған бір бөлмелі пәтердің кілті тапсырылды. Бір бөлмелі пәтердің иесі Александр Ермолаев та өз қуанышымен бөлісті.
– Жаңа қонысымыздың жайлы болатынына сенімдімін. Қаладағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдай ауылмен салыстырғанда әлдеқайда жақсы, – дейді ол.
Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында да «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 73 пәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өткен аптада Калачи селосы мен Красногорск кентінен 8 отбасына  пәтер берілді. Осыған дейін мұнда 9 отбасы қоныс тойын тойлап үлгерді. Солардың бірі Алсу Шалафаева жаңа қоныстағы тірлігіне тәубе дейді.
– Алдымен шалғайдағы біздің қиын жағдайымызды шешіп берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа, бірнеше мәрте келіп, жаңа қоныста жайлы пәтерлерге ие болуға көмектескен облыс әкімі Сергей Кулагинге, аудан әкіміне алғысым шексіз. Мен өз күшіммен мұндай пәтерді сатып ала алмайтын едім. Бізге баспана беріп қана қоймай, жұмысқа тұруымызға да жағдай жасап берді. Еңбекпен қамту орталығының мамандары қызымды аспазшының көмекшісі ретінде тұрақты жұмысқа орналастырды, – деп ризашылығын білдіреді.
Ал, Виктор Крюковтің Державинск қаласын таңдауына ауа райы себеп болыпты. Өз денсаулығына алаңдаған азамат тез шешім қабылдап, тұрмысқа жайлы бір бөлмелі пәтерге ие болды. Виктор Николаевичтің айтуынша, пәтер жылы, су ағып тұр. Оксана Семенко жолдасымен екі бөлмелі пәтерге ие болды. Пәтер отбасы мүшелерінің ойынан шыққан.
Державинск қаласының әкімі Сергей Макырдумян күн сайын жаңа қоныс иелерінің жағдайын біліп, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуде. Қазіргі таңда көшіп келгендердің дені жұмысқа орналасты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Есіл, Жарқайың аудандары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар