Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елі өз ұлын ардақтады - АРҚА АЖАРЫ

Елі өз ұлын ардақтады

Киелі де қасиетті елді мекендердің бірі – Қарағаш ауылының тарихы тым әріде жатыр.

Кезінде Бабаназар мен Жанбатыр қажылар өсіп-өнген бұл өңірден қазақ әдебиетінің ірі өкілдері ағайынды Жақан, Қажымұрат Сыздықовтар, Елжас
Бекенов, Кәрім мен Сүлеке Жүнісовтер жұлдыздай жарқ етіп шықса, одан әрі ауыл шаруашылығы өндірісінің сандаған майталмандары мен басқа да мамандық иелері қаншама десеңізші.
Солардың бірі – біздің тілімізге тиек еткелі отырған кейіпкеріміз Айтмұханбет Құдылұлы Бабаназартегі. Ол аталмыш Қарағаш ауылының төл тумасы. Жергілікті сегізжылдық мектепте білім алған Айтмұханбет кейіннен техника тілін меңгеріп, әуелгі бетте «темір тұлпар» тізгінін ұстаса, соңынан ауыл арасында су таситын автомашинаның руліне отырды. Сөйтіп, кешегі жекешелендіру мен оңтайландырудың салдарынан облыстағы ірі аудандардың бірі – Чкалов ауданы тарқап, осыған қарасты Абай атындағы совхоздың тоз-тозы шыққанда, Айтекең артынан барып құрылған осы аттас серіктестікте (қазір бұл «Абайастықстем» деп аталады) қашан зейнеткерлікке шыққанша өндірістің әр саласында қажымай-талмай еңбек етті.
«Еңбек түбі – зейнет» деген емес пе. Қазіргі күнде Айтекең былтырғы жылы Жабал ініміз ашқан Алла үйі – мешітте намазхан болып жұмыс істеуде. Осында келген жастарды имандылыққа, инабаттылыққа үйретуде. Сөйткен Айтекең, Айтмұханбет Құдылұлы таяуда өзінің туып-өскен ауылы Қарағашта ағайын-туыстың, құда-жегжаттың, өзі теңдес замандастарының басын қосып, дүркіретіп 70 жылдық тойын атап өтті.
Тойды басқарған осы ауылдың тумасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, жазушы-драматург, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Жабал Ерғалиев өз сөзінде былай деді:
–Айтмұханбет ағамыз – біздің аталарымыздың соңында қалған көзі тірі ұрпақтарының бірі. Оның адамгершілік қасиетін, өзге ағайынға деген сыйластық көңілін айтып тауыса алмайсыз. Сонымен бірге бүгінгі мерейтой иесі – үлкен шаңырақ иесі. Құдай қосқан қосағы Бақыт жеңгеміз екеуі төрт қыз, екі ұл тәрбиелеп, өсіріп, олардан немере-шөбере сүйіп отыр…
Атаулы тойда ел ақсақалдары Башар Шаймерденов, Айтекеңнің жездесі
Хамит Исенов, көршілес Аймақ ауылынан және Щучинск қаласынан келген ақын-сазгер Тыныштық Шаменов пен бөлесі Бабыр Бағысовтар, замандастары Жеңіс Салықбаев, Сансызбай Алпысбаев,
Сырымбет Досмұқанов, Қожақан Тиесов, Жеңіс Байшағыров және осы жолдардың авторы, тағы басқалары сөз сөйлеп, өз жүрекжарды лебіздерін білдіріп, кәделі сый-сияпаттарын жасады.
Мерейтой соңы деректі бейнефильм көрумен жалғасып, әсем әндер шырқалып, дөңгеленген биге ұласты.

Сайлау КӨШКЕНҰЛЫ,
 Қарағаш ауылының тумасы,
сатирик жазушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар