Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті - АРҚА АЖАРЫ

Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

 Отырыста биылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму, индустриялық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ны трансформациялау жөніндегі тапсырмалардың орындалуының қорытындылары қарастырылды.
Бүгінде мемлекеттік шығыстар 1,5 триллион теңгеге қысқарды және ол ауыртпалықсыз жасалды. Бюджеттің кіріс бөлігіндегі қиындықтарға қарамастан, мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілдіктер уақытылы орындалуда. Бұл өте маңызды, – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен Парламент «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында бірлескен ауқымды жұмыс атқарғанын, нәтижесінде 2016 жылдың
1 қаңтарына дейін барлық институционалдық реформаларды жүзеге асырудың заңнамалық негізі қамтамасыз етілетінін айтты. Мемлекет басшысы әлемдік экономика өсімінің баяулауы, негізгі шикізат тауарларына сұраныс пен бағаның төмендеуі жағдайында, сондай-ақ, теңгенің еркін айналым бағамына көшуге байланысты дағдарысқа қарсы жүйелі және жедел шаралар қабылдау қажеттігі туындайтынына назар аударды.
Елбасы жекешелендірудің екінші «толқынының» қарқыны жеткіліксіз екеніне тоқталды. Осы науқанды бастағалы бәсекелік ортаға небәрі 2013 нысан берілді.  Елбасы елде жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық және «Нұрлы жол» бағдарламалары өнеркәсіпті және инфрақұрылымды дамытуға зор ықпал ететінін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайды ескере отырып, индустрияландырудың екінші бесжылдығын жандандыру қажеттігіне назар аударды. Мемлекет басшысы өткен жылдары көптеген индустриялық жобалар іске қосылғанын айтты. Алайда, солардың көпшілігі қазіргі жағдайда бәсекеге қабілетсіз болып, мемлекеттік қолдаудың есебінен ғана тұр. Осының бәрі сан қуалаудың салдары. Өңір басшылары кім көп құрылыс салады деген жарыс ұйымдастырды. Енді бұл кәсіпорындар жұмыс орындарын қысқартатынын мәлімдеп, Үкіметтен көмек сұрап жүгіріп жүр. Мұның бәрі өзектілендірілген индустриялық-инновациялық бағдарламада ескерілуі тиіс. 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап біз бағдарламаның жаңа форматы бойынша жұмыс істеуге тиіспіз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті соңғы уақыттары біздің елмен ынтымақтасқысы келетін әлемнің жүзден астам ірі компаниялары басшыларымен кездескенін айтты. Әлемде Қазақстанда бизнес жүргізуге деген зор қызығушылық бар. Менің жыл басынан бері мемлекет басшыларымен өткен кездесулерімнің барысында Ұлыбритания, Франция, Қытай, Жапония сияқты экономикалық жағынан қуатты елдердің инвесторларымен жалпы құны шамамен 46 миллиард доллар болатын 130 келісімге қол қойылды. Осы уағдаластықтарды жүзеге асыру бізге әлемдік нарықта сұраныс бар тауарлар өндіруге, мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан, Үкімет пен әкімдер осы келісімдерді жүзеге асыруға кірісіп, қатаң мониторинг жасауы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы «Самұрық-Қазына» қоры активтерінің құрылымы оның шағын әрі тиімді басқарылуын қамтамасыз ететін межеге дейін оңтайландырылуы керектігін айтты. Қазақстан Президенті сондай-ақ, бүгін «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға өзінің вето қойғанын, ол жетілдірілу үшін Парламентке қайтарылғанын айтты.
Мемлекеттік қызметшілердің заңда бекітілген зейнет жасына жеткен кезде зейнетке шығуына қатысты нақты ұстанымды айқындау қажет. Бұл Президент тағайындайтын, зейнетке шығу мерзімі 1 жылдан
5 жылға дейін ұзартылуы мүмкін кейбір лауазымдардан басқа саяси мемлекеттік қызметшілерге де қатысты қолданылуға тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы елде қабылдануы тиіс мейлінше нақты шаралар биылғы жыл соңына дейін Қазақстан халқына арналған Жолдауда жария етілетінін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев күрделі жағдайда да Үкімет пен өңірлердің әкімдері экономикалық өсімді ынталандыру, жұмыспен қамту және халықтың кірістерін қолдау үшін резервтер қарастыруы тиістігін атап өтті.Біз бүгінде әлеуметтік маңызы бар көптеген тауар түрлері бағасының өсіп жатқанын көріп отырмыз. Осыған байланысты Үкімет пен әкімдер аса қажетті тауарлар бағасының мониторингін жүргізу жұмысын жандандыруға тиіс, егер қажет болса, халықтың әлсіз топтарына атаулы әлеуметтік көмек арқылы қолдау көрсету керек, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті бағаны ұстап тұру іскерлік ахуалды нашарлата отырып, бизнеске қысым жасау тетігіне айналмауға тиістігіне назар аударды.
Бағаның дәлелді түрде арттырылуы мен пайда табу мақсатында өсірілуін айқын ажырату қажет. Тауардың шынайы нарықтық бағасы болуға тиіс. Аса қажетті тауарларға қатысты алыпсатарлыққа жол бермеген жөн. Барлық өңірдегі ахуалды қадағалап отыру керек. Ең алдымен, бұл үшін жеке жауапкершілік әкімдер мен Үкімет мүшелерінің мойнында болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы барлық бағыт бойынша нәтижелі жұмыс талап етілетінін айтты. Жиын барысында сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі  Е.Досаев, Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ө.Шөкеев және Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев баяндама жасады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар