Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кемеңгер Көшбасшы - АРҚА АЖАРЫ

Кемеңгер Көшбасшы

 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақмола облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты облыс орталығындағы «Достық» үйінде дөңгелек үстел мәжілісін өткізді.

Жүздесуге Көкшетау қаласының құрметті азаматтары, қоғамдық бірлестік жетекшілері мен жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, Мемлекет басшысының сарабдал саясаты,  көреген Көшбасшының арқасында еліміздің халықаралық қатынастардағы рөлі жайлы өз пікірлерін ортаға салды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мүсірәлімова Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елі үшін сіңіріп келе жатқан зор қызметін ерекше атап өтіп, ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларына да тоқтала кетті.
Елбасымыздың әсіресе, білім саласына зор көңіл бөлетіндігі дөңгелек үстел басында көп айтылды. 1993 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы қанат қақса, одан кейінгі жылдары да салада бірталай жұмыстар атқарылды, Астанада әлемдік сұранысқа сай Назарбаев университеті, өңірлерде Назарбаев зияткерлік мектептері бой көтерді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында ұстаздар қауымы Кембридж университетінің үздік әдістемесі бойынша білімдерін жетілдіруде. Мәселен, бұл орталықтың Ақмола облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2012-2015 жылдар аралығында 1884 мұғалім дәріс алған.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы Ғалымтай Төлепбергенов Елбасы туралы сөз толғау үлкен мәртебе, зор мақтаныш екендігін айтса, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рүстем Шериязданов Президентпен кездескен сәттерін тебірене еске алды. Жиналған қауымға «Ұлттық көшбасшылық феномен» атты бейнебаян көрсетіліп, жиын соңы пікір алмасуға ұласты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар