Қызылордада қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді.
Астана, Алматы қалалары мен облыстардан келген 16 команда 8 салмақ дәрежесінде жүлделі орындарды сарапқа салды. Жарыстың негізгі мақсаты салауатты өмір салты мен төл күресімізді насихаттау, жастардың патриоттық сезімін ояту. Тартысты өткен түйе балуан белдесуінде жерлесіміз Бекбол Нұрланұлы чемпион атанды. Бас жүлдені Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев табыс етті.
Жас балуанның үлкен жетістікке қол жеткізуіне әкесі әрі жаттықтырушысы Нұрлан Мәуленұлының еңбегі зор. Сондықтан, әкелі-балалы жерлес спортшыларымызды тамаша жеңістерімен құттықтаймыз.
Жанат ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.