Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баянғалидың қос кітабы - АРҚА АЖАРЫ

Баянғалидың қос кітабы

Жуырда Көкшетаудағы «Келешек-2030» баспасынан ақын, драматург, прозашы Баянғали Әлімжановтың орыс тіліндегі «Разрешите жить!» повесі жарық көрді. Оның ізін ала Астанадағы «Фолиант» баспасынан бес мың данамен балаларға арналған «Абылай хан и его батыры» кітабы да оқырмандарға жол тартты.

Екінші кітапты да автор орыс тілінде жазған. Оқырмандарға ана тіліндегі туындыларымен мол олжа салып жүрген қаламгердің бұлай екі тілде де жазуы талантының тағы бір қырын көрсетсе керек. «Разрешите жить!» повесінде соғыс мүгедегінің басынан кешкен сан қилы тағдыры сөз болады. Ол әлемді Янгалибус атты арба-қамалымен кезіп, әділдік үшін күреске шығады.
Ал, екінші кітабына қазақ халқының Шоқан Уәлиханов, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ұлы тұлғалары жазып қалдырған бай тарихымыздан сыр шертетін аңыз-әңгімелер арқау болған. Автор сондағы деректердің негізінде балалардың қабылдауына лайықтап, ертегі үлгісінде жазған қысқа әңгімелерін көпшілік назарына ұсынған. Онда Абылайдың бала кезінен бастап қалмақтың батыры Қалдан Серенмен жекпе-жекке шыққан кезеңіне дейінгі өмірі тартымды баяндалады. Кітап мазмұнына сай түрлі-түсті суреттермен безендіріліп, көз тартарлықтай әдемі болып жарық көрген.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар