Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Темекінің тауқыметі - АРҚА АЖАРЫ

Темекінің тауқыметі

Темекі шегу – салауатты  ұлттың жарқын болашағына балта шапқанмен бірдей. Алайда, көк түтіннің кесірінен мыңдаған адам ажал құшып жатса да, зиянды әдетке бой алдырмаған жандардың қатары сирек.

Осы кеселге қарсы 1977 жылдан бастап Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен жыл сайын қарашаның үшінші  бейсенбісі әлемнің көптеген елдерінде  темекі шегуден бас тартудың  Халықаралық күні ретінде аталып өтіледі. Оның негізгі мақсаты – темекіге деген тәуелділіктің  төмендеуіне ықпал ету, халықтың барлық топтарын  темекі шегуге қарсы күреске тарту, алдын алу және денсаулыққа зиянды әсері туралы қоғамды хабардар ету.
Статистикалық мәліметтерге көз жүгіртетін болсақ,  жан түршігерлік деректерге тап боламыз. Әлемде әрбір он секундта 1 шылым шегуші өледі. Ал, мамандардың пайымдауынша, 2020 жылы бұл көрсеткіш үш секундта бір адамға жетуі мүмкін. Әрине, адам темекіден емес, оның салдарынан пайда болатын түрлі аурулардан зардап шегетіні белгілі. Оның ішінде обыр, жүрек аурулары, туберкулез бен тыныс органдарының созылмалы аурулары, жадының төмендеуі мен жүйке жүйесінің тозуы бар. Мәселен, әлемдегі өкпе қатерлі ісігінен өлім жағдайларының 90 пайызы, созылмалы кеуде ауруының 75 па-йызы және жүректің ишемиялық ауруларының
25 пайызы  шылым шегумен байланысты.
 Қазақстанда 2012 жылғы жүргізілген
сауалнама нәтижесі көрсеткендей, елімізде ересектер арасындағы темекі  тұтынушылар 26,5 пайыз екен. Мұнда ерлер 41,5, әйелдер 11,0 пайызды құрап отыр. Пассивті шегушілер, яғни үнемі темекі шегушінің қасында болуға мәжбүр азаматтардың дені 62,2 пайыздан асып жығылады. Айта кетерлігі, пассивті темекі шегушілер салауатты ортада тұратындарға қарағанда түрлі созылмалы аурулар мен респираторлық вирусты ауруларға көбірек шалдығады, тіпті, бұл азаматтарда онкологиялық ауруларға шалдығу мүмкіндігі екі есе артады екен.
Бүгінгі таңда бізді  алаңдататын  мәселелердің бірі – жастар  және балалар. Темекі түтіні тек денсаулығына зиянын тигізіп қоймай, оған психологиялық және тәрбиелік жағынан да кері әсер етеді. Республикамызда  тұрғындардың   темекі шегу деңгейін төмендету  үшін көптеген шаралар ұйымдастырылады. Бірақ,   педагогтар мен дәрігерлердің өзі осы зиянды әдетке әуес болып келеді. Қыз-келіншектер де кейінгі кезде темекіге әбден құнығып алды.
Елімізде «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының  темекіге қарсы күрес  конвенциясы  аясында ратификациялау туралы» Заңы күшіне енді, оның негізінде темекі  туралы жарнамаларға тиым салу жүзеге асырылып жатыр. Сонымен бірге, дүкендердегі темекінің   зияндылығы туралы ақпарат және қоршаған ортаны көк түтіннен қорғау, темекі  өнімдеріне акциздерді көбейту мәселесі біршама шешілді.
Әлемдік  ең үздік тәжірибенің бірі – темекінің сыртындағы пиктограмма бойынша   темекі шегушілерге  обыр және  өкпенің эмфиземасы, мио-карда инфаркті, аяқ-қол гангренасы, белсіздік және бедеулік  аурулары  түрлерінің суреттері көрсетілген  өнімдер шығарылуда. Сараптамашылардың па-йымдауынша, осы тәжірибе жүргізілгеннен кейін бір миллион қазақстандық азамат  темекі шегуді тастайды деген болжам бар.
Суреттер, темекіге қарсы жарнамалар мен осы сияқты насихаттық үндеулер адам баласын бір күнде өзгертеді деу жаңсақтық болар еді. Алайда, парасатты ойы мен өзін-өзі сақтайтын табиғи түйсігі, өз денсаулығы мен қоршаған ортасына деген жауапкершілігі бар азаматтар дұрыс шешім қабылдайды деп ойлаймыз.

Дана ЖАНТЕМІРОВА,
облыстық салауатты
өмір салтын қалыптастыру
 орталығы директорының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар