Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
2016 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының жаңа стандарты енгізіледі - АРҚА АЖАРЫ

2016 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының жаңа стандарты енгізіледі

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес,  ұлттық стандартта белгіленген  Мемлекеттік Елтаңбаға қойылатын талаптар міндетті болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер – біздің мемлекеттің, егемендігіміздің өзгермейтін негіздерінің бірі болып табылады. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті бірлескен кейпін бейнелейді, алайда, мемлекеттік рәміздері ұлттық стандарттарға сәйкес дайындау мәселесі көкейтесті  болып тұр.
Қазақстанда бес жыл бойы қолданыста жүрген 989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны. Өлшемі  және техникалық талаптары» ұлттық стандарты қайта қаралды, себебі, Мемлекеттік Елтаңбаның техникалық параметрлері мен түсінің нұсқасын бақылауға қатысты кемшіліктер анықталды.
Аталмыш стандарт ережесін қайта қарау қажеттілігі жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардан   Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін сапасыз  дайындау және қолдану,  СТ-989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны. Өлшемі және техникалық талаптары» стандартына сай емес етіп дайындауы, соның ішінде оларды  мемлекеттік рәміздер нарығында дұрыс пайдаланбауына қатысты жүгінулердің жиілеуінен туындап отыр.
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмендегі кейбір өзгерістерді қамтитын ҚР- СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» жаңа стандарт күшіне енеді:
 – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын, мемлекеттік елтаңба элементтерінің құрастырушылық сызбасын дайындауда  түсіне деген техникалық талаптары қайта қарастырылды,  Елтаңбаның  алтын тәрізді түсі МЕМСТ 15527 стандарты бойынша Л63 маркасына сәйкес мыс-мырыш қоспасымен сипатталады;
– өлшем мен түсіне шектеулер, бақылау әдістері (сынақ) енгізілді;
–Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасындағы элементтерге түсініктеме беретін қосымша келтірілді;
–Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын қолданудың кепілдік мерзімі  3 жылдан кем емес болып белгіленді, бұл өндірушілерге сапалы өнім өндіру міндеті қойылады және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындаған кезде сапалы материалды пайдалануға ықпал етеді.
ҚР СТ 989-2008 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны. Өлшемі  және техникалық талаптары» ұлттық стандартының әрекет ету мерзімі 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін белгіленді, бұл мерзім 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін дайындалған және орналастырылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаларына да қолданылады, яғни, ескі үлгідегі Мемлекеттік  Елтаңбаны ауыстыру жұмыстарын кезең-кезеңмен жүргізуге мүмкіндік береді.  

Айгүл АҚТАЕВА,
Ақмола облысы бойынша техникалық
реттеу және метрология департаментінің
бөлім басшысы.                                                                                

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар