Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Батыр. ғалым. ұстаз. - АРҚА АЖАРЫ

Батыр. ғалым. ұстаз.

 Көкшетауда Кеңес Одағының Батыры, қоғам қайраткері, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 100 жыл толуына орай, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Алғашқы күні Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында  Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті ғалымдарының «Мәлік Ғабдуллин» 2 томдық кітабы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының  «Классикалық зерттеулер» атты көптомдығының 24-ші томы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, жерлесіміз Серік Негимовтың Астанадағы «Фолиант» баспасынан «Нартұлға» сериясымен шыққан «Мәлік Ғабдуллин» кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Мәлік Ғабдуллин музейі ұжымының ұйымдастыруымен өткен шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспонденті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақтияр Сманов, білім саласының ардагері Тельман Мұқышев, ақын-әнші, сазгер Иран сал Тасқара, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-зерттеу кеңесінің мүшесі Ғосман Төлеғұл, тағы басқа зиялы қауым өкілдері,  студент жастар қатысты.
Жиынды музей директоры, ақын-жазушы Құдайберлі Мырзабек ашып, жүргізіп отырды. Ол батырдың мерейтойы қарсаңында қандай жұмыстар атқарылғандығы жөнінде әңгіме өрбітіп, өткізілген шаралардың маңызын айтып өтті. Одан әрі ғалымның еңбектері негіз болған  кітаптарды қысқаша шолып шықты. Зиялы қауым өкілдері  артына өшпес мұра қалдырған ел азаматының  адамгершілік қасиеті мен қызметін тілге тиек етіп,  батырмен жүздескен кездерін еске алды. Тағы бір айта кетерлігі, батыр бейнесін есте сақтау мақсатында  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  мерейтойлық  күміс теңгесі мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы шығарған марка да жиналған қауымға таныстырылды.
Кеше маңызды шара Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде  «Мәлік Ғабдуллин феноменін зерттеу және зерделеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен жалғасты. Конференцияға Ресейдің және Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Ұлттық  Ғылым академиясынан келген ғалымдар да осынау игі шараның шоқтығын көтеріп тастады.
Алқалы жиын қазақтың ардақты перзентінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етуден басталды. Конференцияның пленарлық мәжілісін университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров кіріспе сөзімен ашып, ғұмыры ғибратқа толы асыл ердің батырлық, азаматтық сан қырларына тоқталды. Келесі болып мінбеге көтерілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспонденті Уәлихан Қалижанов «Батыр тағдыр, ғылыми ғұмыр» тақырыбында баяндама жасады. Ол ғалым еңбектерінің ішінде эпистолярлық мұрасы мәдени-әдеби, тарихилығымен құнды екендігіне жеткізді. Оның айтуынша, батыр майдан шебінде басқыншы жаумен алысып жүрсе де, елді, ғылымды, ұстаз ағаларын естен шығармай, сағынышқа тұнған, адамгершілікке негізделген, ұлт болашағын мұрат тұтқан үшбу хаттары Алматыға ағылып жатқан. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Есмағамбет Ысмайыловпен жазысқан хаттарында Отан қорғап жүрген жауынгерлердің табанды ерліктері мен қазақ әдебиеттану ғылымына қатысты пікірлерін де білдіріп отырған. Мұның себебі,  батырдың ұлтың сүюінде.
Ал, Ресей Ғылым академиясы Орал бөлімшесінің ғылыми қызметкері, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Александр Валитов  Ұлы Отан соғысындағы жеңіске  Қазақстан мен Батыс Сібірдің қосқан үлесі, соның ішінде, Мәскеуді қорғаудағы Мәлік Ғабдуллиннің ерлігі  жөнінде келелі әңгіме қозғады. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында ұлы ұстаздың алдынан оқыған шәкірті Бақтияр Сманов қазақтың маңдайына біткен қаһарман тұлғаның өнегелі өмірі жас толқынға үлгі болып қала беретінін жеткізді. Ол ұлағатты ұстаздың әрбір сабағы жаныңа майдай жағып, үлкен рухани азық бергенін айтты. Бүгінде қолданылып жүрген Кембридж әдісінің сабақта шәкірттерге салмақ салу, еркін ойлауға тәрбиелеу, оларды өзара пікірсайысқа араластыру сынды әдістемелік ұстанымдарын Мәлік Ғабдуллин сол кездің өзінде-ақ шебер қолдана білгеніне тоқталды. Бұл мәселелер сабақ үстіндегі тәрбие жұмыстарымен жиі астасып отырған көрінеді. Сонымен бірге,  шәкірттеріне ерекше ілтипатпен тіл қатып, арагідік қағытпа қалжыңдарымен жақсы көңіл-күй сыйлағанын айта келе, Мәлік Ғабдуллин музейіне батырдың суретші қолымен салынған портретін тарту етті.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік универ-ситетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек  өз баяндамасында Мәлік Ғабдуллиннің «Ата-аналарға кеңес» атты еңбегінің оқу-тәрбие беру ісіндегі құндылық сипаттарына тоқталды. Осы еңбегінде Мәкең халық ауыз әдебиетіне сүйеніп, ұлттық тәлім-тәрбие туралы үлкен ой қозғаған. Сондықтан, бұл кітапты қолға алған жандар жас ұрпақ тәрбиесі мен оқу орындарында  білім сапасын көтерудің негізгі тетіктері қайда жатқандығын жақсы пайымдай алары  сөзсіз. Ең бастысы, ұстаздарды қағазбастылықтан арылтып, теорияны тәжірибе жүзінде іске асыру үдерісін дамыта түспей болмайтындығы да  ғылыми жұмыстың алтын арқауына айналыпты.
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік универ-ситетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Қадыржан Әбуев те өз сөзінде осы ойды әрі жал-ғастырып, ұлы тұлғаның Абылай ханның сенімді серігі болған Қанай биден бастау алатын шыққан тегі
туралы айта келе, ғылыми еңбектері-нің маңыздылығына тағы бір тоқталып өтті. Конференцияда орындалған белгілі ақын-әнші, сазгер Иран сал Тасқараұлының «Ер Мәлік» әні де шараға қатысушыларды тебірентпей қоймағанын айта кетуіміз керек. Конференцияның мазмұнды өткен пленарлық мәжілісін университет ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров  қорытындылап, келген қонақтарға тартымды баяндамалары үшін жиналғандар атынан ризашылығын білдірді. Түстен кейін конференция секциялық отырыстармен жалғасты.

 

Ырысгүл АШУОВА

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар