Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дауасы жоқ дерттен сақтанайық - АРҚА АЖАРЫ

Дауасы жоқ дерттен сақтанайық

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында  Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Шараға облыстық білім басқармасы, ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері мен колледж оқушылары қатысты.
Жиын барысында облыстық  жұқтырылған иммунды тапшылық синдромымен күрес және оның алдын алу орталығының  бөлім меңгерушісі Зоя Хван облысымызда ғасыр індетінің таралуы жөнінде әңгіме өрбітті. Бүгінде  науқастардың саны жыл сайын көбейіп отыр. Сол себепті, вирустан сақтанып, салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі баса айтылды. Баяндамашыны қостап, бірқатар мамандар өз ойларымен бөлісті.  
Облыс орталығындағы Ғалым атындағы мешіттің бас имамы Нұрлан Жолтаев өз сөзінде кеселмен күрес нәтижелі  болуы үшін  жастарды соған себеп болатын зиянды әдеттерден сақтандырудың амалдарын іздестіру қажеттігін алға тартты. Әр жасөспірімді имандылыққа тәрбиелеп, санасын улайтын дүниелерден бойын аулақ ұстатқан жөн.
Дөңгелек үстел соңында жиналғандар СПИД-пен күреске бағытталған шаралар туралы өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауап ала алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар