Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерлердің аты өшпейді - АРҚА АЖАРЫ

Ерлердің аты өшпейді

Адамзат баласына алапат қырғын әкелген екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жыл өтсе де,  хабарсыз кеткен аталарының дерегін іздеген кейінгі ұрпақтың көңілі жай табар емес.

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан немесе хабарсыз кеткен жауынгерлерді еске алуға арналған ғибратты шара Құдықағаш ауылында да өткізілді. «Бір жоқ бір жоқты табады» дегендей хабарсыз кеткен соғыс ардагерлерінің нақты дерегін іздестіріп, табуды ауылымыздың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Қайыргелді Қиықов өз мойнына алған болатын. Осындай ауқымы мол іздестіру жұмыстарында қызы Жанардың қасынан табылып, көп көмек көрсеткенін айта кеткен ләзім. Жалпы ауылымыздан 160 азамат соғысқа аттанса, соның 123-ші хабарсыз кеткен екен. Енді сол хабарсыз кеткен боздақтардың 29-ның  дерегі негізінен Ресейдің Қорғаныс министрлігінің «Мемориал» сайтынан табылып отыр. Іздестіру жұмыстары әлі де жалғаса бермекші, бәлкім қалған 94 жауынгердің де деректері табылар деген үміттеміз. Ал, ауылымызға соғыстан аман қайтқан 37 ардагерден бүгінде жалғыз көзі тірісі, Бұланды ауданының құрметті азаматы Жақия Қанғожин ғана.  
   Хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздестіру барысында Астана қаласындағы «Мемориальная зона» қоғамдық ұйымымен бірлесіп, дерегі табылған жауынгерлердің туыстарына аталған отряд шығарған төсбелгілер мен куәліктер салтанатты жағдайда табыс етілді. Аталған іс-шараға Еңбекшілдер ауданының әкімі Асқар Қиықов, аудан әкімінің орынбасары Серік Шәуенов, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, ауыл тұрғындары мен дерегі енді табылған 29 боздақтың туыстары қатысты. Іздестіру отряды жиналғандарға қалай жұмыс істейтіндіктерін бейнефильм арқылы көрсетті. Алғашқы сөз алған аудан әкімі Асқар Қиықов  Отанымызды қорғаған аға ұрпақтың теңдессіз ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі екенін айта келе, осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Қайыргелді Қиықов пен Астанадан арнайы келген іздестіру отрядына алғыс айтты. Қайыргелді аға іздестіру отрядының жетекшісі Майдан Көмекұлының иығына шапан жапты. Майдан Көмекұлы мұндай іс-шараның алғаш рет өткізіліп отырғандығын, ауылдың ұйымшылдығын айтып, алғысын білдірді. Жерленген жерлері анықталған кейбір жауынгерлердің туыстары боздақтардың бейіттеріне барып, туған жердің топырағын салмақшы.
Мәдениет үйіндегі ресми жиыннан кейін мешітте Отан үшін опат болған аруақтарға құран бағышталып, ас берілді. Арада жетпіс жыл өтсе де ерлік істері ел жадынан өшпеген майдангерлердің рухына тағзым ету – елдік іс.      

Амантай БЕЙСЕКЕЕВ.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар