Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қоюға ұмтыламыз» - АРҚА АЖАРЫ

«Мемлекет мүддесін бәрінен жоғары қоюға ұмтыламыз»

Ақмола облыстық мамандандырылған  ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Ерғали Ізтаев:

Өмірдерек: Ерғали Өтебайұлы Ізтаев 1959 жылы туған. Білімі жоғары. 1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Кәсіби еңбек жолын аға заң кеңесшісі болып бастап, кейін әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда заңгер қызметін атқарды.
1991-2002 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, түрлі мемлекеттік мекемелерде басшы болды.
2002-2009 жылдары аталған облыста мамандандырылған ауданаралық сотының  судьясы, Астана қаласының соттар әкімшісі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің департамент директорының орынбасары, сарапшы, бас кеңесші лауазымдарында қызмет істеді.
2014 жылдың 24 желтоқсанынан бері  Ақмола облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.

 

– Ерғали Өтебайұлы, жалпыға ортақ сот жүйесін жетілдіру – бүгінгі күннің  маңызды мәселелерінің бірі. Бұл тұрғыда, экономикалық соттың жаңа заманға  лайық өміршең істерге етене араласқанын көреміз. Алдымен, осы жайында айта отырсаңыз?
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстан судьяларының съезінде сөйлеген сөзінде: «Соттар қызметінің  тиімділігі, олардың шығаратын шешімдерінің  әділеттілігі мен жедел және толық орындалуы – кез келген мемлекеттің демократиялық дамуының  негізгі көрсеткіші»  деп атап көрсеткен еді.
Құқықтық мемлекет құрудың бір талабы – сот төрелігін  тиімді жүзеге асыру болып табылады. Елбасының бұл мәселеге жан-жақты назар аударып,  соттарды заман ағымына қарай реформалау жөніндегі  тұжырымдарының астарында да осы жайлар жатыр. Әсіресе, сотқа  жүгінген адамдарды әуре-сарсаңға салатын жағдайларды азайтып, оның ашықтығын қамтамасыз етуге деген талпынысты көреміз. Нарықтық қатынастардың  дамуы өз кезегінде экономикалық әлеуеттің де артуына игі ықпал етіп отыр. Сондықтан, осы бағыттағы дау-дамайларды шешу, оған әділ сот билігін жүргізу үшін мамандандырылған сот жүйесін құру қажеттігі туындады.
Сот-құқықтық реформаларды жүзеге асыру нәтижесінде экономикалық соттар да  өз жұмысын бастаған еді. Қазір бұл жаңа жүйе жанданып,  маманданып, біліктілік деңгейі де өскенін көреміз.
Кешегі кеңес заманында төрелік сот жүйесі жұмыс істеп, шаруашылық жүргізуші нысандарға қатысты дауларды қарайтын еді. Тоқсаныншы жылдардың орта тұсында бұл соттар облыстық  соттар құрылымына қосылды. Ал, аудандық деңгейде мұндай жүйе мүлде болған емес. Тек, алқалық негізде ғана облыстық соттарда қаралатын. Міне, Қазақстан Республикасы Президентінің  2001 жылғы   16 қаңтардағы  Жарлығына сәйкес  мамандандырылған ауданаралық  экономикалық соттар алдымен, Алматы мен Қарағанды қалаларында іс-тәжірибелік негізде құрылды. Кейін Мемлекет басшысының 2002 жылғы 9 ақпандағы Жарлығына сәйкес барлық облыстарда ашылды.
– Бұл экономикалық қылмыстардың тым белең алып кетуіне орай жасалған алдын алу қадамы екені де түсінікті. Себебі, мемлекет қазынасына қол сұғушылар көбейе түскен кезде сұғанақтыққа салынғандарды дұрыс жазалау да  маңызды ғой…
– Меніңше, экономикалық сот жүйесін жетілдіру мемлекетіміздің нарықтық даму мүддесімен сәйкес келіп отыр. Өйткені, еліміздегі демократиялық үдерістердің дамуы сот жүйесін нығайтумен тікелей байланысты.  Тап осы сотта заң нормаларының  қажеттілігі мен өміршеңдігіне көз жеткізуге болады. Сот беделі – мемлекеттің де беделі емес пе?! Елімізде экономикалық соттың құрылуы кездейсоқ нәрсе емес, ол өмірдің өзі талап етіп отырған міндеттердің бірі болып табылады. Оның  тиімділігі  соттарда шешімі табылған экономикалық сипаттағы  азаматтық істердің  сандық көрсеткішінің жылдан-жылға артып отырғанымен де дәлелденеді.
Бір ғана мысал. Биылғы жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштерге қарасақ,  өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда заң бұзған тұлғаларға  жеке анықтау енгізу едәуір арта түсті. Өткен есепті кезеңде  барлығы 2389 іс қаралып, оның 1754-іне үкімдер шығарылды.  Азаматтық істер бойынша әуре-сарсаңға салу жағдайлары үш есеге азайды. Осы деректерден де  экономикалық соттың істерді қараудағы тиімділігі арта түскенін көреміз. Біз негізінен, сот ісін қарағанда мемлекет мүддесін биік қоюға тырысамыз. Себебі, тараптардың бір жағында мемлекет те, екінші жағында заңды және жеке тұлғалар тұрады.
Мысалы, жақында сотта Егіндікөл аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің қуынуы бойынша  «ЛЕО» шаруа қожалығына қатысты іс қаралды.  Онда талапкер жақ жауапкердің  жер телімін алдында егістікке деп алып, кейін мал жайылымына пайдаланғанын алға тартады.  Сондықтан, әкімдік пен шаруа қожалығы арасында жасалған келісім-шартты заңсыз деп тануды сұрайды.
Бұл орайда, жауапкер тарап  алдау-арбау жолымен осындай жағдайға қол жеткізді дегенді де қисынды дей алмаймыз.  Себебі, республикалық ғылыми-әдістемелік орталық ұсынған құжат ұсыным ретінде қарастырылады. Әкімдіктің аталған бөлімі жерге арнайы  сараптама жүргізуі керек еді. Осындай заң талаптары ескеріліп, талапкердің  қуыну ісін қанағаттандырудан бас тартылды. Жалпы, осы арада,  біздің мамандандырылған экономикалық сот  кәсіпкерлікпен  айналысатын  азаматтардың істерін, корпоративтік дауларды және қаржы ұйымдарын қайта құру бағытындағы  мүліктік және мүліктік емес азаматтық істерді қарайтынын да айта кеткім келеді.
– Сот жүйесіне осы заманғы технологиялық жаңалықтарды енгізу де уақыт талабы болса керек. Бұл жөнінде не айтар едіңіз?
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та өз сөзінде қағаз бастылықтан арылып, электронды технологияларға ден қойып, сот процесі осы заманғы базамен қамтамасыз етілуі керектігін атап айтқан еді. Мемлекетіміз бен қоғамымызда болып жатқан демократиялық процестер өз кезегінде сот қызметінің сапалы жаңа деңгейге өтуін талап етіп отыр. Бұл ретте, әлемдік  стандарттарға сәйкестендіру бағытында тұшымды істер қолға алынғанын атап өтуге болады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында осы бағытта жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ,  өткен жылы Жоғарғы Соттың ресми сайтында  «Сот кабинеті» жүйесі іске қосылды. Бұл электронды ақпараттық сервис сот органдарының қызметіне онлайн негізінде қолжетімді бірыңғай терезе болып табылады.  Кез келген адам  өзіне ыңғайлы уақытта  үйінен, не қызмет бөлмесінен шықпай-ақ  ғаламтор арқылы  сот құжаттарымен, өздеріне қатысты істердің барысымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, электронды пошта да жұмыс істей бастады. Ендігі жерде  сот отырыстары жөнінде  СМС-хабарламалар алып, өзін қызықтырған ақпараттарға қанығу да қиын емес. Ал, биылғы жылдың басынан бастап, «Төрелік» жаңа ақпараттық-талдау жүйесі іске қосылды. Бұл – сот  қызметінің ашықтығын, барлық адамға қолжетімдігін қамтамасыз етеді.
Меніңше, заман алға басқан сайын реформалар да  өмірге етене енуі тиіс. Мысалы, бүгінде біздің еліміз сырттан инвестицияларды молынан тартатын мемлекеттің бірі саналады. Экономиканы көтеру үшін мұның маңызы зор. Бірақ, заң бәріне ортақ.  Мейлі, шеттен келетін инвестор, өзіміздегілер болсын, тәуелсіз еліміздің заңын сыйлауы, құрметтеуі, соған бағынуы тиіс.
Дегенмен, қарапайым заң талаптары белден басылғанда, оған халықаралық  жүйе негізінде  әділ шешім шығару қажет-ақ. Бұл тұрғыда да мемлекетімізде бұрынғы заңдардың жетілдірілетіні, қосымша жаңа заңдар қабылданатыны сөзсіз.
Жалпы, экономика қашанда ел дамуының басты тетігі. Сондықтан, біздің экономикалық соттар жүйесі де бұған барынша үлес қосатын болады.
 
Сұхбатты жүргізген
Бақыт СМАҒҰЛ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар