Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Құлыш Кенжеғалиевтің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш болып өтті.
Кеште университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстазға жылы лебізін білдіріп, Ақмола облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы мен оқу орнының әкімшілігі тарапынан сыйақы
табыс етті.
Бұдан соң мерейтой иесінің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильм көрсетілді. Көкшетау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жәния Дондағұлова және басқа да кеш қонақтары сөз сөйлеп, ізгі ниеттерін жеткізді. Айта кетерлігі, шара барысында мерейтой қарсаңында шыққан Құлыш Кенжеғалиевтің «Педагогикалық зерттеулерде математикалық статистика әдістерін қолдану» кітабы таныстырылды. Сондай-ақ, шәкірттері ұстазға өлең арнап, көпшілікті шуақты жырмен сусындатса, Ақмола облыстық филармониясының әншілері мен
университет өнерпаздары әннен шашу шашты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.