Сабынды ауылында ауыз су өндіретін кәсіпорын іске қосылды.
«Green Products» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы болып табылатын бұл кәсіпорында «SAYAWATER» маркалы ауыз су шығарылады. Кәсіпорынның қуаты сағатына 1,5 тонна ауыз су шығаруға жетеді.Мұнда жаңа технология бойынша 0,5, 1 және 1,5 литрлі пластикалық бөтелкеге құйылған газдалған және газдалмаған сулар өндіріледі.
Кәсіпорынның тағы бір ерекшелігі – онда суды өндіріп қана қоймай, сақтап және тұтынушыларына жеткізіп беру мәселесі де қарастырылған. Осының арқасында қазірдің өзінде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Алдағы уақытта кәсіпорын өндіріс көлемін арттырып, өнім түрлерін көбейтпек.
Аслан НЫҒМЕТЖАНҰЛЫ.
Қорғалжын ауданы.