Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Даму жолы - АРҚА АЖАРЫ

Даму жолы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын қуанышпен қабылдадық. Бұл егемен еліміздің тұрақты дамуына серпін беретін  тарихи құжат екені сөзсіз.

Халық Елбасының әр Жолдауын асыға күтеді. Еліміздің  бағытын айқындайтын жоспар жаңа сатыға көтерілуге септігін тигізетінін түйсінеді. Себебі, әр Жолдауда терең мән-мағына мен стратегиялық мақсат-бағдар бар. Бүгінде экономикалық жағдай шиеленіскен уақытта бұл бізге аса қажет. Айтылған мәселелердің бәрін мұқият тыңдадық. Елбасы нақты басымдықтарды анықтап, оларға ерекше тоқталды. Әсіресе,  Нұрсұлтан Назарбаев білім және денсаулық саласы дағдарысқа қарамастан тиісінше қаржыландырылып,  жаңғырту жұмысы жалғаса беретінін алға тартқаны көңілге қонымды. Елбасы азаматтар еліміздің болашағы екенін айта келе, 2017 жылдан бастап «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жаңа жобасы басталатынын жеткізді. Аталмыш жоба аясында мектепті бітірген жас түлек бірінші мамандығын тегін алатын болады.  Мемлекет басшысы жастардың кәсіби-техникалық білім алып, тұрақты жұмыспен қамтылуы қажеттігін жеткізді. Бұл өте орынды. Себебі, азаматтардың көпшілігі  заңгер мен  қаржыгер болуға талпынуда. Ал, қажеттілік  тудырып отырған мамандықтарға қызығушылық төмен. Ғылым мен инновация дамыған заманда білікті де білімді кадрлар үлкен сұраныс тудырып отыр. Болашақ мамандығын дұрыс таңдай білген азаматтың ғана өмір сапасы озады,  тұрмысы жақсара түсетінін ұмытпаған жөн. Болашақта тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, қарыштап дамуы үшін сапалы білімі, саналы тәрбиесі бар отансүйгіш жастар ғана бар белесті бағындырары хақ.
Елбасы заманымыздың тамырын дөп басып, алдағы үлкен стратегиялық бағыттарды дұрыс айқындап берді. Бұл Жолдау біздің еліміздің жаңаша өркендеуіне жол ашатынына сенімім зор.

Дәуренбек КЕНЖЕБАЕВ,
 Балуан Шолақ атындағы
мектеп-лицейінің  директоры.

Бұланды ауданы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар