Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туған өлке жанашыры - АРҚА АЖАРЫ

Туған өлке жанашыры

 

Алдыңғы толқын аға буынның жеткен жетістігі, өткен мағыналы өмір белестері кейінгі толқын үшін үлгі-өнеге. Осындай тұлғаның бірі – Мейрам Бөкешов. Ол кісіні жұртшылық көпті көрген, байсалды да қарапайым, данагөй ақылшы әрі шежіреші ретінде таниды.

 

Мейрам Сәрсетұлының қаламынан туған «Қанжығалы Лабашы-Пұшқантай руларының тарихы мен шежіресі» және басқа да туындылары оқырмандардың іздеп жүріп оқитын дүниелері десек, артық айтқандық емес. Көне шежіре мен көркемсөзге құмар Мейрам ата заманында Ерейментау қиыршық тас зауытында бас маман болып жұмыс істеген.
Жуырда аудандық әкімдіктің қолдауымен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тарихи-өлкетану музейі бірлесіп ұйымдастырылған  тағылымы мол шара Мейрам Бөкешевке арналды. Өмір жолынан дерек беретін бейнекөрсетілім де, әріптестерінің жылы лебізі де, оқырмандарымыздың пайымды сұрақтары да өзара сәтті үйлесім тапты. Үнемі ізденіс үстінде жүретін, естігенін көкейіне түйетін зерделі қаламгердің қажырлылығы қайран қалдырады.
Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген Мейрам атамыз тапшылықтың да дәмін татып, жоқшылықты да көрген. Бірақ, қиындыққа қайыспаған. Бойға біткен жалынды жігер, қызулы құштарлықтың арқасында арманының отын лаулатып, алға баса берген.  Кейіпкердің өмірі мен шығармашылығына әрі қарай  үңілсек, 1960 жылы Бестөбе қазақ орта мектебін тәмамдаған түлек Ақмола ауыл шаруашылығы институтына оқуға түседі. 1965 жылы жерге орналастыру инженері атанған жас маман еңбек жолын алғашында Павлодар облысында бастаған. Ұқыптылық пен дәлдікке, қырағылық пен ізденіске негізделген кәсіптің қыр-сырына ертеден қанықты. Теориялық еңбек жолын Целиноградта «Целингипрозем жобалау институтында» топограф болып жалғастырғанда да сәтімен игілікке асырды. Бертін жергілікті зауытта бас маман-маркшейдер қызметін үзіліссіз 23 жыл абыроймен атқарған. Отандық өндірістің ілгерілеуіне, аудан экономикасының нығаюына қарапайым еңбегімен үлес қосқанын айтқызбай-ақ аңғардық. Әсіресе, маркшейдер мамандығының қыр-сыры, сонау кеңес кезіндегі қызу қарбаласқа толы еңбек жолы жайындағы әңгімесі бейне бір көркем фильм көргендей әсер береді. Бейнеслайдпен көмкерілген тартымды көрініс, әріптестерінің жылы лебізі, құптарлық ой-пікірлері өмірінің босқа өтпегеніне көзімізді анық жеткізді. Ол кісінің қолымен жергілікті музейге 60-тан аса экспонат өткізіліпті. Қызмет бабында кеңседе, өндірісте қолданылған өлшем құралдары: сызғыштың түр-түрі – масштабты сызғыш, «Зенит» фотоаппараты,  әсіресе, 1970 жылдан бері сыр бермеген бұрандалы үстел сағаты, өзге бұйымдар, бәрімізді қызықтырды. Әрқайсысына жеке-жеке тоқталған ата бұйымдардың қолданыс тәсілін, өндіріске тигізген пайдасын әңгімесіне кеңінен арқау етті.
Ардагердің сөзін одан әрі сабақтаған музей қызметкері Ләззат Түгелбаева да осының бәрін көпшілік көріп тамашаласын, замана жәдігері ретінде танысын деген ниетпен көрмеге топтастырғанын айтып өтті.  Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің жоғары сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып жатты. Қаламгер жерлесіміздің алдында айтылғандардан бөлек, әлі де жарыққа шықпаған, жиыстырып жүрген құнды еңбектері өте мол. Мысалы, «Сәкен қалпе дәуірінен бүгінге дейін», «Таныс-тыру мен табысу» және «Дала мен қала ескерткіштері» атты болашақ кітаптарының қолжазбасы қаражаттың жоқтығынан шаң басып, сөреде тұр. Егер демеуші болатын жомарт жүректі азамат табылса, онда қаншама қазыналы дүниеге қанығар едік. Ғибратқа толы кездесу соңында сөз алған аудан әкімі Ермек Нұғыманов:
– Осы өңірде болашақта «Ұлылар мекені» атты жинақ шығару ниетіміз бар, – деп өз ойын білдірді. Жағымды хабарға  біз де риза болдық. Мейрам атамызға қазақы ғұрыппен сый-құрмет көрсетілді. Ардақты жан жастарға ақ тілегін айтып, батасын берді. Кездесу кеші Сайлау Жылқыбаевтың лирикалық әуендеріне ұласты. Көпті көрген алдыңғы толқынның бүгінгі буынға айтар өнеге-тәлімі аз емес екеніне тағы да көзіміз жетті. Жүздесудің түпкі мақсаты да осы еді…
Әлия АҚНАЗАРОВА.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар