Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлескен жұмыс жеңіл - АРҚА АЖАРЫ

Бірлескен жұмыс жеңіл

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру мәселелері қаралған Ақмола облыстық конференциясының жұмысына қатысып, сөз сөйледі.

Жиынға шаруа қожалықтарының басшылары мен Қазақстан фермерлер одағының мүшелері қатысты. Отырысты кіріспе сөзбен ашқан министрлік өкілі елімізде «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Осы жоба аясында кәсіпкерлер мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Вице-министр өз сөзінде жаһандық дағдарысқа қарамастан, ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржы қысқартылмайтынын мәлімдеді. Республикамызда көптен шешімін таппай отырған мәселелердің бірі техника паркі болып табылады. Себебі, оның 80 пайызының тозығы жеткен. Көптеген тракторлар мен комбайндардың қолданыста жүргеніне көп жылдың жүзі болған екен.
Талап бойынша оның мерзімі сегіз жылдан аспау қажет. Сонымен бірге, жеке кәсіпкерлер арасында алаяқтар да кездесуде. Олар жалған есеп-қисапты ұсынып, субсидия алуға талпынады.  Конференция барысында жұмысты тиімді жүргізу мақсатында кооператив құру мәселесі қызу талқыланды. «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әуесхан Дарынов та мінбеге көтеріліп, жиналғандарды шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда белсенді болуға шақырды.
 Отырыс соңында «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жақсы ауданындағы өкілі Рамазан Темірбеков ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталса, Шортанды аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Едігенов «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі»  төсбелгісіне ие болды.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар