Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заң орындалуымен құнды - АРҚА АЖАРЫ

Заң орындалуымен құнды

Прокуратура ел заңдарының  сақталуын қадағалайтын бірден-бір құзырлы орган болғандықтан, заң ережелерінің бұзылуына жол бермеу біздің негізгі қызметіміз болып табылады.

Әсіресе, кедендік бақылау, көші-қон саласындағы заң бұзушылықтардың жолын кесу жұмысымыздың едәуір салмақты  бөлшегін құрайды.
Осы орайда, біздің прокуратура қызметкерлерімен үстіміздегі жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтсек деймін. Мәселен, әлеуметтік-экономикалық салада заңның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген тексерістер нәтижесінде 154 құқық бұзушылық анықталды. Мыңнан астам адамның конституциялық құқығы қорғалып, тұрғындардан келіп түскен 15 арыз-шағым бойынша тексерістер жүргізіліп, оның барлығы да өзінің оң шешімін тапты. Соның нәтижесінде заңсыз 166 актінің күші жойылып, 146 лауазымды тұлға әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Жасыратыны жоқ, әр заң бұзушылық мемлекетіміздің дамуына ғана емес, экономикалық қуатына да теріс әсерін тигізеді. Өйткені, кез-келген істің артында материалдық шығын жатыр. Заңның өкілі болғаннан кейін біз ең алдымен мемлекетіміздің мүддесі мен  қарапайым халықтың конституциялық құқығы аяққа тапталмаса екен дейміз. Атап айтсақ, биылғы жылы мемлекеттің пайдасына 26 миллион теңгеден астам қаражат өндіріліп алынды.
Жоғарыда айтып өткенімдей, көші-қон саласын да үнемі қадағалап отыру негізгі міндетімізге кіреді. Қызметкерлеріміздің қырағылығының арқасында заңсыз көші-қонға байланысты бір қылмыстық іс қозғалып, 34 миллион теңге көлемінде ақша өндіріп алу туралы іс тағы да мемлекеттің пайдасына шешілді.
Тұрғындардан құқықтарының аяқ асты етілуіне байланысты бізге жолдаған өтініштері де назардан тыс қалып жатқан жоқ. Осы тұрғыда бір-екі мысал келтіріп өтелік. «Жаңа Есіл Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшыларына екі ай бойы еңбекақыларын төлемей жүрді. Осы іске біздің араласуымыздың арқасында 195 жұмысшыға жалпы сомасы 23 миллион теңге қарыздары қайтарылды. Бұған қоса, аталған серіктестік басшысы еңбек заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде жүргізілген тексерістер барысында кеден заңнамасына қатысты кемшіліктер тіркеліп, «Техногаз» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігінің өкілдеріне қатысты экономикалық қылмыстық топ құрып, Өзбекстан мемлекетіне қара металдан жасалынған заттарды заңсыз экспорттағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Теміржол көліктерінің жолдағы қауіпсіздігін тексеру кезінде анықталған бірқатар кемшіліктерді де айтпай кетуге болмайды. Тексерістер нәтижесінде арнайы жылжымалы вагонда техникалық ақаулар бар болып шықты. Осыған қатысты прокуратура кемшіліктерді түзету жөнінде сегіз ұсыныс хат жолдап, төрт арнайы жылжымалы құрамның жұмысын тоқтатуға ұйғарым жасады. Заңның дұрыс орындалуын қадағалау жөніндегі іс-шараларды алдағы уақытта да жүйелі жалғастыратын боламыз.
Біздің тексеріс жүргізудегі мақсатымыз міндетті түрде қылмыстық оқиғалардың бетін ашып, шара қолдану. Егер, кәсіпорындар мен мекемелер заңды белден баспаса, жұмыстары заң ережелеріне сай болса, оған тек қуанамыз. Өкінішке орай, қазіргі таңда заңға қайшы келетін әрекеттермен жиі бетпе-бет келудеміз. Жалған кәсіпкерлік фактілері, жұмысшылардың еңбекақыларын уақытында төлемеу, жалған құжаттар әзірлеу секілді заң бұзушылықтар тыйылмай отыр. Оларды дереу тоқтатпаса, соңы мемлекетіміздің беделіне, қоғам қауіпсіздігіне қаншалықты зардабын әкелетіні айтпасақ та белгілі. Сот әділ билігін жүргізуге, ал, тәртіп сақшылары азаматтардың тыныштығын сақтауға мүдделі болса, прокуратура органдары Ата Заңымыздың әркез үстем болуын қадағалайды. Мемлекет пен халық тарапынан бізге сеніп жүктелген осы міндетімізді абыроймен атқара беруге дайынбыз.
 Расул ҚОЖАХМЕТОВ,
Көкшетау қалалық
көлік прокуроры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар