Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар мамандықты ойланып таңдаса ... - АРҚА АЖАРЫ

Жастар мамандықты ойланып таңдаса …

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауын елмен бірге елеңдеп, тағатсыздана күттік. Бүкіл әлемде қилы-қилы оқиғалар орын алып, дағдарыстың дауылы есеңгіретіп тұрған уақытта еліміздің болашақты болжаған, келешекке қадам басар, тығырықтан алып шығар сара жолы қай тараптан сабақталады екен деген сезім әрбір көкіректе болуы әбден мүмкін. Кешегі үміттің отын лаулата жаққан Жолдауда да әр саланың алдына қойылған асқаралы міндет жүгі айқын көрініс тапты.

Егер біз өз саламыз туралы айтылған ой, оралымды пікір, нақты талап төңірегінде тоқталатын болсақ, менің өз басыма Елбасының пікірі айрықша әсер етті. Шынында да, соңғы жылдары жоғары білімге, оның ішінде заңгерлік пен экономист мамандығына жөн-жосықсыз ұмтылу көп болғандығын елдің бәрі көріп, біліп отыр. Жыл сайын жүздеп, мыңдап диплом алып шығып жатқан жастардың бәріне бірдей жұмыс табыла бере ме? Негізінде әркім өзінің бойындағы қабілетіне, икеміне қарай, күні ертең жұмыс істеп, табыс таба алатын, отбасын асырауға толық қауметі жететін мамандықты қалағандары абзал. Оның үстіне қатардағы маман емес, өз ісін бүге-шігесіне дейін жетік меңгерген шынайы шебері болса нұр үстіне нұр.  
Елбасының тегін кәсіптік білім туралы айтқан ойы жалғыз менің ғана емес, жалпақ жұрттың көкірегіндегі мақсат-мұратты дөп басып тұр. Егер жастар белгілі бір мамандықтың иесі болып, алдымен өзіне, елімізге пайдасы тиетін тұлғаға айналса, жоғары білім ешқайда қашпайды. Жұмысшы деген – әрқашан ардақты ат. Жолдау барысында Елбасы жастық шағында үстіне жұмысшы киімін киіп, он бес килограмдық лом ұстап, мыңдаған градуспен қайнап жатқан пештің жанында жұмыс істегендігін айтып өтті. Кейін арада қаншама жыл өткеннен соң бойындағы ерекше таланты, айрықша қарым-қабілетінің арқасында егемен еліміздің Тұңғыш Президенті болып отыр. Әуелгі еңбек соқпағы қарапайым жұмысшыдан басталған. Бейнеті ауыр қара жұмыста пісіп жетілген. Сондықтан, ешқандай қиындықтан қорықпайды. Жұмыстың қадірін, еңбектің қадірін біледі. Міне, біздің бүгінгі жастарымыз үлгі алатын, алдарындағы адастырмас темірқазық, нысанасы тәрізді айқын да жарқын үлгі.
Елбасымыз айтып отырған кәсіптік-техникалық жүйені жетілдіру үшін ең алдымен материалдық-техникалық базаны нығайту қажет. Екіншіден, дуальді оқу жүйесін дамыту алдыңғы кезекте болуы шарт. Сондай-ақ, кәсіптік-техникалық колледжде білім алушылар тәжірибелік жұмыстарға қатыстырылып, білім мен тәжірибені ұштастыра оқыса ғана неғұрлым нәтижелі болады. Сонымен бірге, бизнес саласы мен кәсіптік білім ұштастырыла жүргізілсе, оқу орнын бітірген жас-тар тезірек жұмысқа орналасып, өз мамандықтары бойынша жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болар еді.
Жолдауда Елбасы еңбек адамы туралы да өте жақсы айтты. Шынында да, қоғамдағы барлық игілікті дайындайтын қарапайым еңбек адамдары ғой. Соңғы жылдары еңбек адамдарына дұрыс көңіл бөлінбей, олардың адал еңбектеріне шынайы құрмет көрсетілмей қалғаны да рас. Сондықтан, жастар арасында жұмысшы мамандығының беделі кеми берді. Керісінше, кейбір мамандық иелерін материалдық игілікке белшесінен батып, жалғанды жалпағынан басып жүргендігін көргеннен кейін жастар жұмысшы мамандығынан безе бастады. Оның соңы кейбір салада жұмысшылардың жетіспеуіне әкеліп соқты. Жарнамалық газеттерді қарасаңыз дәнекерлеуші, механизатор қажет деген хабарландырулар толып жүр. Елбасының айтып отырғаны да осы. Сондықтан, алдағы уақытта тегін кәсіби білім заман талабына сай берілетін болса, еліміздегі жұмыссыздардың қатары да аза-йып, жұмысшы адамдардың мәртебесі биіктер еді.     

Үміт МҰРАТБЕКОВА,
№1 сервистік-техникалық
колледждің әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар