Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біржан сал елінің даму мүмкіндіктері мол - АРҚА АЖАРЫ

Біржан сал елінің даму мүмкіндіктері мол

 

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Еңбекшілдер ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралады және Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауынан туындайтын міндеттерді саралап, оларды шешу жолдарын айқындады.

 

Өңір басшысы алдымен, Макинка ауылдық дәрігерлік амбулаториясын аралап көрді. Дәрі-дәрмектердің саны мен сапасына назар аударды. Жетекші дәрігер Айгүл Мұханбетованың айтуын-ша, амбулатория Мақпал, Қоғам, Қаратал, Бұланды, Баймырза, Макинка мен Шошқалы ауылдарында тұратын
3213 тұрғынға бастапқы медициналық-санитарлық қызмет көрсетеді. Дәрігердің қабылдауына басы ауырып, балтыры сыздаған ересектермен бірге, балалар да келеді. Күндізгі стационар жұмыс істейді. Қатты науқастанған сырқаттар аудандық орталық ауруханаға апарылады. Биыл мекеме ғимараты ағымдағы жөндеуден өтіпті. Дегенмен, мұндағы атқарылған жұмыстарға облыс басшысының көңілі толмады. Ғимараттың екінші қабатындағы бөлмелер қаңырап бос тұр. Осы орайда, облыс әкімі тиісті басшылардың атына сын айтты. Амбулаторияның ауласын абаттандырып, зейнеткерлер үшін бағасы қолжетімді дәріхана ашуды тапсырды.
 Мұнда «Балдырған» балабақшасы
жұмыс істейді. Осында өңір басшысы педагогтар ұжымымен кездесіп, тұрмыс жағдайларын сұрап білді. Ауылда бір тонна шөптің өзіндік құны 5-6 мың теңге болса да, ол 11 мың теңгеден сатылатын көрінеді. Осы жағдайды тәртіпке келтіруді басшыларға тапсырды. Облыс басшысы Макинка орта мектебінде болып, оқу бөлмелерін аралап көрді. Жөндеу жұмыстарының сапасына назар аударып, педагогтар ұжымымен және оқушылармен кездесіп, хал-жағдайларын сұрап білді. Бюджеттен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуы және оқушыларға тұрмыстық жағдай жасау қажеттігі жөнінде айтылды. Мектепке кәріздік құбыр тартуды тапсырды.
 Өңір басшысы осы сапарында қарттар мен мүгедектерге арналған Макинка медициналық-әлеуметтік мекемесіндегі егде адамдардың тұрмыстық жағдайларына да назар аударды. Тиісті басшыларға асхана салу міндеті жүктелді. Әлеуметтік қызметшілермен кездесіп, Елбасының
Қазақстан халқына арнаған биылғы
Жолдауынан туындайтын жаңа міндеттер жөнінде айтты. Мұнда 60-қа жуық
қария тұрады. Олар үшін барлық қажет-ті жағдайлар жасалған. Облыс басшы-
сы әлеуметтік қызметшілердің адал еңбегіне алғысын білдіруді де ұмытпады.
Бұдан кейін 80 орындық Мақпал негізгі мектебінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Мектеп биылғы жылы пайдалануға берілуі тиіс еді. Дегенмен, тиісті басшылардың жауапсыздығынан құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілмепті. Қазір мектеп ғимаратының ішкі жұмыстары атқарылуда. Өңір басшысы құрылысты қаржыландыру мәселесін өз бақылауына алатын болды. Облыс әкімі Сәуле орта мектебінде де болып, оқу бөлмелерін аралап көрді, педагогтар ұжымымен кездесті. Одан әрі
Степняк қаласының іргесіндегі «ҚазГерҚұс» серіктестігіндегі екінші құс фабрикасы құрылысының барысымен танысты. Цехтарды аралап көріп, жұмысшылармен жүздесу барысында кәсіпорынның бас директоры Борис Оздоев қол жеткізген табыстары жөнінде баяндап берді. Кәсіпорын өз өнімдерін Кедендік одақ елдеріне экспортқа шығара бастапты. Келешекте аудан орталығына мемлекеттік және жекеменшік әлеуметтік серіктестік аясында 140 орындық балабақша салуды көздеп отыр. Бұл бастаманы облыс әкімі де қолдап, ризашылығын білдірді.
Жұмыс сапарының соңында Сергей Кулагин активпен кездесіп, аудан әкімі Асқар Қиықовтың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі есебін тыңдады. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерге байланысты алдағы жұмыс бағытын белгілеген облыс әкімі сылбыр қимылын сынға алды.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Суретті түсірген Василий УстЬянцев.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар