Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бала би» атанды - АРҚА АЖАРЫ

«Бала би» атанды

 Облыстық білім басқармасының қолдауымен «Ақмола облысының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысын ұйымдастырды.

  Шара облыс орталығындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернатында өтті. Екі күнге созылған шешендік өнер са-йысына Бурабай, Аршалы, Зеренді, Целиноград, Ерейментау аудандары мен Көкшетау қаласындағы мектептерден келген оқушылар 13 топта Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» стратегиясы, еліміздегі білім жүйесі  тақырыптарында сөз жарыстырды. Сайыс «Қоржын», «Ұлылар сөзі», «Таразы», «Жыраулар жырлайды» атты төрт кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып өтсе, қалған айналымдарда оларға халқымыздың ұлы би-шешендерінің сөздерінен сұрақтар қойылды.
Сөйтіп, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова бастаған қазылар алқасы ақтық финалға бурабайлық «Жас Алаш» тобы мен зеренділік «Сөз мәйегі» тобын шығаруды жөн санады. Екінші топтың атынан қатысқан Зеренді ауданы Ақадыр орта мектебінің шәкірттері Арыс-тан Силан мен Мерей Силан сөз сөйлеу мәнері, тақырыпты аша білу жағынан қарсыластарынан оза шауып, жеңімпаз атанса, бурабайлық Ерасыл Темір мен Асқар Несіпбай есімді қатысушылар өздерінің білімділіктерімен көзге түсіп, екінші орынға қол жеткізді. Ал, жүлделі үшінші орын Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясынан келген «Ашық айтамыз» тобының мүшелері Айғаным Қыдырмен мен Ақнұр Қайырбековаға бұйырды.
Салтанатты марапаттау рәсімінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернатының директоры Кенжебай Бекбай, «Бала би» жобасының авторы Бек-арыстан Аманжолов құттықтау сөз алып, халқымыздың сөз өнері мәңгілік жалғасын та-
уып, балалардың би-шешендердің даналық сөздерін бойларына сіңіріп, білімді азамат болып өсулеріне тілектестік білдірді.    

Венера  ТАЛҒАТҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар