Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баспана бас ауыртып... - АРҚА АЖАРЫ

Баспана бас ауыртып…

«Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы ғимаратында өткен дөңгелек үстел мәжілісінде тұрғын үй ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыру бағдарламасына қатысты қордаланып қалған бірқатар проблемалар әңгіме өзегіне айналды.

  Баспананы банктен ипотека рәсімдеу арқылы сатып алып, кейін несиелерін төлей алмай жүргендер арамызда баршылық. Мемлекет тығырыққа тірелген сондай жандарға көмектесу мақсатында үстіміздегі жылы тұрғын үй ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыру бағдарламасын жариялап, осы іске 130 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлген болатын. Бағдарлама 2004-2009 жылдар аралығында екінші деңгейлі банктерден ипотекалық несие алған азаматтардың мәселелерін толығымен шешуге бағытталған.
Үстіміздегі жылы Ақмола облысы бо-йынша аймақтық комиссияның қарауына тұрғындардан 36 өтініш келіп түссе, оның
14-іне бағдарламаға қатысуға рұқсат етілмеген екен. Міне, банктен және аталған комиссия мүшелерінен күдерін үзген осы өтініш иелері дөңгелек үстел мәжілісі барысында «Нұр Отан» партиясынан көмек сұрады. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов олардың мұң-мұқтаждарын тыңдай келе, заң аясында қолдан келгенше көмектесетінін, айтылған мәселелер бойынша шығарылған тиісті шешімдер құзырлы органдарға жөнелтілетінін айтты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар