Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Талаптар орындалуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Талаптар орындалуы тиіс

 Техникалық реттеу мәселелері жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысында  төменгі вольттік қондырғылардың қауіпсіздігі жөніндегі Кедендік одақтың техникалық регламенті қаралды.

  Жиналысты жүргізген өңірлік штаб басшысының орынбасары, облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Ғинаят Қасенов аталмыш регламент жөнінде жан-жақты айтып өтті.
Департаменттің бас маманы Нұрлан Сейдалин өз сөзінде төменгі вольтті қондырғылардың қауіпсіздігі жөніндегі Кедендік одақтың техникалық регламенті бірыңғай кедендік елдер аумағында шығарылатын төменгі вольтті қондырғыларға қатысты екенін, бұған қуаты 50-ден 1000 вольтқа дейінгі ауыспалы тоқ және 75-тен 1500 вольтқа дейінгі тұрақты тоқты пайдалануға арналған электр қондырғылары кіретінін еске салды. Аталмыш қондырғыларды жасағаннан кейін қауіпсіздік талаптарына сәйкес тексерістен өтеді. Ал, Кедендік одақтың техникалық регламент тізіміне енгізілген төменгі вольттік қондырғылар сертификация формасына сәйкес бекітіледі. Сертификат 5 жыл бойы күшін жоймайды. Аталмыш тізімге енгізілмеген қондырғылар декларация формасына сәйкес бекітіледі, пайдалану мерзімі көрсетілмейді.
Парфюмерлік-косметикалық өнімге қатысты техникалық регламент талаптарын сақтаудың мемлекетаралық бақылауы арнайы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. Төменгі вольттік қондырғылар Кедендік одақ мемлекеттері рыногындағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен белгіленеді. Бөлім басшысы Айгүл Ақтаева техникалық реттеу және сапа жөнінде баяндап, қазіргі заманғы жағдайда өнеркәсіптік бәсекелестіктің дамуы өнім сапасына байланысты екендігіне тоқталды.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар