Есіл қаласында «Балапан» бағдарламасы арқылы 200 орындық балабақша есігін айқара ашты.
«Балбөбек» аталатын балабақшаны ашу салтанатына аудан әкімі Аманбек Қалжанов қатысып, тәрбиешілер мен бүлдіршіндердің ата-аналарын құттықтады.
Балабақшаның құрылыс жұмыстарына республикалық «Балапан» бағдарламасы арқылы 140 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Нысанның пайдалануға берілуі 48 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Бүгінгі таңда Есіл ауданында 29 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істесе, оның 6-уы балабақша, 23-і шағын орталық. «Балбөбек» балабақшасының пайдалануға берілуі ауданда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен толығырақ қамтуға мүмкіндік беріп отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Есіл ауданы.