Жақында Социалистік Еңбек Ері Владимир Дитюк сексен жастың сеңгіріне шығып, торқалы тойын атап өтті.
Оны осынау мерейлі жасқа толу қуанышымен аудан әкімі Талғат Ерсейітов арнайы құттықтап, облыс әкімі басшысы Сергей Кулагиннің құттықтау хатын салтанатты жағдайда табыс етті.
Жергілікті халық оны ауданның бас диқаншысы деп те тегіннен-тегін атамайды. Себебі, оның бар саналы ғұмыры егін өсіріп, дән жинауға арналды. Бұл жолда бағы жанып, бақыты да аспандады. Ауыл шаруашылығы саласындағы қол жеткен биік жетістіктері үшін Еңбек Ері атағына ие болды.
Мерейтой иесі өз атына жылы лебіздерін арнаған барша қауымға ризашылығын білдірді. Қартайған шағында еске алып, құрмет көрсеткен өңір басшысына да алғысын жолдады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Астрахан ауданы.