Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?!. - АРҚА АЖАРЫ

Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?!.

 

Бұқпа тауының бөктерінде  Тәуелсіздік күніне және атақты бүркітші Мәсіп Батырханұлын еске алуға арналған құсбегілер арасындағы «Қансонар-2015» республикалық турнирі болып өтті.

 

Иісі қазаққа ортақ спорт сайысына  Атырау, Павлодар, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстары мен Астана қаласынан жиырма үш бүркітші  қатысты. Турнирді облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов ашып, жиналғандарды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады.
– Бұл сайыстың біздің өңірде өтіп жатқанына он жылдың жүзі болды. Еліміз тәуелсіз мемлекет атанғаннан бері ұлттық спортқа баса назар аударыла бастады. Елбасы бір сөзінде біз өзімізге жақын ұлттық құндылықтардың сақталуын қадағалау қажеттігін айтқан болатын. Сол себепті, ұлттық спортты дамыту, жас толқынға насихаттау біздің басты мақсатымыз, – дей келе облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бұдан соң Қазақстан Респуб-ликасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов сөз алып, Ақмола облыстық әкімдігінің ұлттық спортты өркендетудегі үлесі зор екенін атап өтті. Ал, келесі болып құттықтау сөз сөйлеген облыстық  туризм басқармасы мен облыстық «Бүркітшілер» федерациясының басшысы Шынарбек Батырханов  турнирге қатысам деп ниет білдіретін бүркітшілер саны  жыл сайын көбейіп отырғанын алға тартты. Бұл көпшіліктің саятшылыққа деген қызығушылықтарын көрсетеді. Әрі  Ұлттық Олимпиада комитетінің мүшесі, туризм және спорт саласының  еңбек сіңірген қайраткері, профессор Евгений Никитинский өтіп жатқан шараның маңыздылығын ескере отырып, Шынарбек Батырхановқа Ұлттық Олимпиада комитетінің Құрмет белгісін табыс етті.
Кейін Парламент Мәжілісінің депутаты Андрей Бегенеев, «Зеленый мост» қауымдастығының өкілі Людмила Шабанова, облыстық «Ел бірлігі» қоғамдық қауымдастығының мүшесі Қасымхан Құсайынов, облыстық ұлттық спорт мектебінің директоры Марат Қойшинге сөз кезегі беріліп, олар құсбегілікті тек өнер түрі ғана емес, салауатты өмір салтының негізі екенін жеткізді.
Турнирдің салтанатты ашылуынан кейін,  асыға күткен бүркітшілер сайысы басталып кетті. Қатысушылар «шырға салу, «қоян аулау» және «түлкі аулау» бойынша қыранның бабы мен бағын сынады. Құстың кескін-келбеті, қыранды қолға қондыру шеберлігі, тіпті саятшының киім киісіне дейін баға берілді.  Талап бойынша аңшылар бүркітті  аңға қарай бағыттап ұшырады.  Құс болса жемтігін тырнағының астына алып, өлтірмей иесі келгенше бүріп ұстап отырады.
Қатысушылар ішінде қолына қаршыға ұстап, осы сәтті қалт етпей бақылап отырған бала бірден біздің көзімізге түсті. Бұл Жамбыл облысынан келген Берікболсын Бабажанбеков еді. Оның құсбегілікпен айналысып жүргеніне  бір жыл болыпты. Әкесі  Жалғас Әкімбеков ұлттық спортқа баулып, оған құсбегіліктің қыр-сырын үйретумен келеді. Өзі бар-жоғы сегіз жаста болса да, бірталай республикалық жарыстардың жүлдегері. Сайыстың тағы бір қатысушысы Қарағандыдан келген Серік Әбдіразақов жеті жылдан бері құсбегілікпен айналысып келеді. Шәкірттер де тәрбиелеуде. Апасы, Қазақстандағы жалғыз бүркітші әйел Мақпал Әбдіразақова сыйға тартқан бүркіті бүгінде жеті жаста екен. Құсының төрт рет қасқыр алғаны ол үшін үлкен мақтаныш.
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша бүркіт баптаушылар арасында  Жамбыл облысының намысын қорғаған Бақдәулет Бабажан сыннан сүрінбей өтіп, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды жерлесіміз Қанат Шөленбаев пен астаналық  Арманбек Күнтуған өзара бөлісті.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар